Нұр-Сұлтан-Теміртау тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды
Қысқа сілтеме алу
Қарағанды облысындағы жол апатының салдарынан 40 жастағы ер адам қаза болып, жеңіл көлік жүргізушісі зардап шеккен
НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша — Sputnik. «Нұр-Сұлтан – Теміртау» тасжолында жол апаты болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай.
Оның айтуынша, жол апаты бүгін, 14 қараша күні түнде болған.
«Қайғылы оқиға «Нұр-Сұлтан – Теміртау» тасжолының 1393-шақырымында Қарағандыға бара жатқан жолда болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota көлігінің 33 жастағы жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатып, «ГАЗель» көлігімен соқтығысқан», — дейді Маржан Ордабай.
Жол апаты салдарынан 40 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Көліктегі 1993, 1994, 1996 жылы туған жолаушылар апаттан зардап шеккен жоқ. Ешкім дәрігер көмегіне жүгінбеді.
Toyota көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
sputniknews.kz