Аяулы, алтын күз, балабақшада,

0

Тақырыбы: Аяулы, алтын күз
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл — күй орнату. Балаларды ән салуға, би — билеуге, түрлі іс – әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналармен тығыз қарым — қатынас қалыптастыру.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Ата — аналар және балабақша апайлары! Бүгін ортаңғы «Тамшылар»тобы бүлдіршіндерінің дайындаған «Аяулы, алтын күз»мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Кездескен соң күзбенен,
Бұтағынан үзілген!
Ай жапырақ, сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.
Қуантып біздерді
Мерекелі күз келді,
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз — деп ортада

Ралина:
Берекесін сайлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Шахназ:
Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келді жар салып
Күзгі суық басталды

Ақмоншақ:
Күзім ау күзім ау
Мінезің бұзық ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық ау.

Хор:«Күз жомарт» әні
Келесі кезекті сіздерге «Күз оқиғасын» тамашалауды ұсынамыз.
Бір үйде Маржан атты қыз анасымен және әкесімен бірге өмір сүріпті. Ол мейірімді, көңілді және өте тілалғыш еді. Маржан марғауым болса деп армандапты. Және бір күні оған ата — анасы марғауды сыйға тартыпты. Маржан марғауына Мурзик деп ат қойды, Мурзик өте әдемі әрі нәзік еді, бірақ өте тентек еді.
Маржан шығады.
Маржан: Мурзик, сен тағы бәрін шаштың ба (сөйлеп жүріп заттарды жинайды). Менің ойыншықтарым, Әжемнің жіптері, кітаптарды жыртыпты (марғауды шақырады). Мурзик, мурзик қайда жүрсің өзің?
Мурзик жүгіріп келеді.
Маржан: Өзің қандай тентексің? Келші бері. Менің жаныма отыршы, мен саған кітап оқып берейін.

Марғау: Маған сенің кітабың керек емес. Мені далаға жиберші, серуендеп келейін.

Маржан: Жарайды жақсы, барып серуендеп кел. Тек орманға бармаймын деп уәде бер, ол жерде адасып кетесің. Кәзір күн суытты себебі күз келді.

Марғау: Күз келді. Ол қайда келді? Ол кім өзі?

Маржан: Жүр далаға, сол жерде күзді де көресің.

Марғау: Жақсы орманға бармаймын деп уәде беремін!
(Жапырақтар биіне қыздарды дайындау)

Жүргізуші. Марғау есіктің артына шыға сала сілейіп қалады. Дала таңғажайып күйге еніп тұр. Айналада түрлі — түсті жапырақтар айналып жүр. Қызыл, сары, қызғылт, самал жел олармен ойнап жүр. « Бұл неткен керемет деп ойлады марғау. Түсінікті бұл күз келгендігінің белгісі! Бірақ ол қайда, қашан келеді. Міндетті түрде онымен кездесу керек!»

Би: «Жапырақтар»
Жанна, Жанайым, Кәусар. М, Аянат, Анель, Іңкәр

Аянат:
Ой балалар балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егін орыпты.

Жанна:
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап

Кірпі шығып мен өзіммен бірге көкөністер мен жемістерді де ала келдім.

Кірпі.
Денің сау мықты болу үшін,
Дәрумендер жинаған жемістерді.
Сүю керек әрдайым,
Дәрумендер тірегің.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаларсың.

Ерасыл (Картоп)
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар

А. Ілияс (Алмұрт)
Тіл үйірген алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.

Ризабек (Алма)
Нарттай қызыл алмамын,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.

Арсен (Қызанақ)
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген?

Мансур (Сәбіз)
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!

Марғау: Cалем
(Кірпіге таңданыспен қарап).
Кірпі: Салем
Марғау: Сен кімсің өзің?
Кірпі: Ой менің кім екенімді білмейді. Балалар айтыңдаршы оған мен кіммін?
Балалар: Кірпі
Марғау: Кірпі қызық екен. Ал сен неғып жүрсің?
Кірпі: Менің үйде кішкентай балаларым бар, Мен қысқа азық қорын дайындап жатырмын. Ал сен марғау не істеп жүрсің?
Марғау: Мен күзді іздеп жүрмін. Мен оны ешқашан көрген емеспін. Жапырақтарды түрлі — түсті түске бояған дәл соның өзі емес пе. Онымен кездесіп алғысымды білдіргім келеді.

Тәрбиешілер: Қаракөз Қорабайқызы
Айнұр Нұрмұханова
Саз жетекшісі: Шұға Жантұрғанқызы
Би маманы: Алмара Жанатоллақызы

Аяулы, алтын күз. жүктеу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!