12, 13, 14 қарашада ауа райы қандай болады
Қысқа сілтеме алу
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа райы жауын-шашынды, көктайғақ болады, күн тағы да суытады
НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күндегі ауа райына болжам жариялады.
Қазгидромет ақпаратынша, суық әрі күшті антициклоннан Қазақстанда ауа райы жауын-шашынды болып, күн суытты. Алайда оның әсері тек алдағы тәуліктерде ғана сақталмақ.
«Антициклон артынан Ресейдің еуропалық бөлігінен атмосфералық ауа ағымдары ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын, көктайғақ, тұман болады деп болжанып отыр. Ауа температурасы көтеріледі», — делінген хабарламада.
Бірақ, бұл да ұзаққа созылмайды деп ескертті синоптиктер. Скандинавианың солтүстігінен Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарына кезекті суық антициклон жылжиды.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтан
- 12 қарашада күн ашық, күндіз 0°C, түнде -8 °C суық.
- 13 қарашада да ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық. Күндіз -1°C, түнде -5°C.
- 14 қарашада күн бұлтты, аздаған қар жауады. Күндіз -1°C, түнде -8°C.
Алматы
- 12 қарашада күн ашық, сынап бағанасы күндіз +6°C, түнде +1°C көрсетеді.
- 13 қарашада да күн ашық, күндіз +9°C, түнде +3°C.
- 14 қарашада күн ала бұлтты, күндіз +11°C, түнде +1°C.
Шымкент
- 12 қарашада ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз +14°C, түнде +2°C.
- 13 қарашада да күн ашық, түнде +2°C, күндіз +14°C жылы.
- 14 қарашада күн бұлтты, күндіз +13°C, түнде +2°C болады.
Дабылды ескерту
Синоптиктер 12 қарашада республиканың үш өңірінде дабылды ескерту жариялады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында да – тұман, күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.
Петропавл қаласында тұман, күндіз көктайғақ және қатты жел болжанып отыр.
sputniknews.kz