Аягөзде WhatsApp-пен видео жіберген тұрғынның басы бәлеге қалды

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

37 жастағы ер адам WhatsApp арқылы Өскеменде тұратын 49 жастағы әйелге әдепсіз видео жібергені анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында WhatsApp мессенджері арқылы видео жіберген ер адам жауапқа тартылатын болды, деп хабарлады Алтайньюс.

Аягөз ауданының 37 жастағы тұрғыны WhatsApp арқылы Өскеменде тұратын 49 жастағы әйелге әдепсіз видео жіберіп жүрген.

Тағы оқыңыз: WhatsApp-та жалаңаш видеосы тараған қазақ актері мән-жайды түсіндірді

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оны кім жібергенін анықтап, Қылмыстық кодекстің 311-бабы бойынша (Порнографиялық материалдарды заңсыз тарату) іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Бұл қылығы үшін ер адамға 5 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынуы, түзету жұмыстарына тартылуы немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу, не бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.



sputniknews.kz