Нұр-Сұлтанда түнгі клуб өртенді
Өрт сөндірушілер оқиға орнына алты минутта жетті, ғимараттың екінші қабатында электр сымдары жанып жатқан
НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. 10 қарашаға қараған түні елордада Майлин көшесіндегі түнгі клубтан өрт шықты, деп хабарлайды ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Тілсіз жау туралы ақпар 101 пультіне сағат 00:20-да түскен. Өрт сөндірушілердің алғашқы легі оқиға орнына алты минутта жетті. Мекеменің екінші қабатында электр сымдары жанып жатқан.
«Құтқарушылар тез арада түнгі клубтағы адамдарды эвакуациялауға кірісті. Өрт 00:34-те сөндірілді. Жалын 0,5 шаршы метр аумақты шарпыды», — деп мәлімдеді комитеттен.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда полиция «Хан Шатырды» қоршап алды
Түнгі сауық мекемесінен 8 адам құтқарылды. Олардың екеуіне медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға ешкім жатқызылған жоқ. Полицейлер клуб аумағын қоршауға алды.
©
Photo : КЧС
Түнгі клубтағы өрт
Өртті сөндіруге жеке құрамның 17 адамы мен бес техника жұмылдырылды.
sputniknews.kz