Білім вице-министрі Жақыпова плагиат дауынан кейін не істейді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша — Sputnik. Ведомство басшысының кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан білім вице-министрі  Фатима Жақыпованың қызметінен босатылғанын хабарлады. Ол бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған.

«Білім және ғылым вице-министрі Жақыпова басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты заңнамаға сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде», — деп жазды ол.

Еске сала кетсек, 7 қараша күні сенат депутаты Еділ Мамытбеков плагиат дауына байланысты  білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы отставкаға жіберуді талап еткен болатын.

Сенатор бір айдан астам уақыт бойы отандық БАҚ пен шетелдік ұйымдар қазақстандық вице-министрдің плагиатын талқылап жатқанын алға тартты. Оның айтуынша, қазір әлемде мойындалған екі антиплагиаттық жүйе басқа біреудің ғылыми жұмысын пайдалану фактісін растап отыр.

Тағы оқыңыз: Мұғалімдерді аттестациядан өткізу тәртібі өзгереді – министрліктің мәлімдемесі

Мамытбеков Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында ғылыми қоғам мен жоғары білім жүйесін өзге елдер алдында Қазақстанның беделін түсірген лауазымды тұлғаның масқарасынан құтқаруды талап етті.



sputniknews.kz