Қазақстан мен Ресей шекара межелеуді аяқтады
Қысқа сілтеме алу
Бүгінгі күні Қазақстан мен Ресей арасында мемлекеттік шекараны демаркациялау бойынша жұмыс жалғасуда
НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Қазақстан-Ресей шекарасын делимитациялау процесі аяқталды, деп хабарлайды РИА Новости Ресей Федерациясы президенті әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны межелеу аяқталды (ұзындығы – 7,5 мың километрден астам) … Шекараны шегендеу, яғни демаркациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, бүкіл мемлекеттік шекараның 86,7%-ы белгіленген», — делінген материалда.
Еске салсақ, бейсенбі күні Қазақстан мен Ресей президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Омбыдағы өңіраралық ынтымақтастық форумында кездеседі.
Тағы оқыңыз: Қазақстан-Ресей шекарасында балаға берілетін сенімхатты алып тастау ұсынылды
sputniknews.kz