2019 жылдың 8 айында Қазақстан мен Ресей тауар айналымы 12,2 млрд долларға жетті

0

Қазақстан мен Ресей әлемдік экономиканың қазіргі ахуалына қарамастан, өзара сауда айналымы көлемін арттырған

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша — Sputnik. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2019 жылдың 8  айында 12,2 миллиард долларға жетті. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім — 0,8% , деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин.

«АҚШ санкциясы, сауда соғысы, геосаяси тұрақсыздық, дамушы нарықтардан капиталдың кетуі мен мұнай бағасының құбылмалы болуына қарамастан, Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс оң нәтиже көрсетіп отыр», — деді елші.

Оның айтуынша, соңғы жылы сауда құрылымы да жақсарған. Яғни шикізаттық емес тауарлардың үлесі артқан.

«Бұл көрсеткіштің жақсара беретіні анық. Бұған өнеркәсіп кооперациясы саласында жүргізіліп жатқан жұмыс та сеп болады. 2019 жылдың сәуір айында Қазақстан мен Ресей бірлескен іс-әрекет бағдарламасына қол қойған болатын», — деді дипломат.

Тағы оқыңыз: Назарбаевқа айтар өтінішім бар – Омбы қазағы

Еске сала кетсек, Қазақстан мен Ресей тауар айналымы 2018 жылдың қорытындысы бойынша 17,6 миллиард долларға жеткен.

Қазақстан мен Ресей бірлескен іс-әрекет бағдарламасы – ведомствоаралық құжат. Оның аясында Қазақстан аумағында ЕвроХим, КамАЗ, ГАЗ және АвтоВАЗ сынды ресейлік компаниялардың қатысуымен оннан астам жоба қолға алынады.



sputniknews.kz