Қазақстан-Ресей шекарасында балаларға берілетін сенімхатты алып тастау ұсынылды
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан мен Ресей Федерациясы балалар қауіпсіздігі саласында бірыңғай туристік стандарттар жасауы тиіс
ОМБЫ, 6 қараша – Sputnik. Омбы форумында Қазақстанда саяхаттау үшін балаларға Ресейден шығу режимін жеңілдету ұсынылды.
Қазір экскурсиялар кезінде балалармен бірге жүретін мұғалімдер мен тәрбиешілерге сенімхат рәсімделеді. Бұл құжат екі мың рубль тұрады, деп мәлімдеді қазақстандық балалар мен жасөспірімдер туризмі қауымдастығының төрағасы Қайрат Сұлтанов.
Тағы оқыңыз: Омбы қазақтары ана тілі мен салт-дәстүрін қалай сақтап қалды?
«Бұл қазақстандық лагерьлердегі екі күндік демалыстың бағасы. Біздің ұсынысымыз – сынып бойынша оқушылар тізімін жасайық, ата-аналар қол қояды, одан кейін бұны қалалық білім бөлімі немесе мектеп диреткоры мөрмен бекітеді», — деді Сұлтанов Sputnik Қазақстан-ға Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы алаңында.
Ол бұл идеяны панельдік сессия кезінде де айтты. Бұған қоса, Сұлтанов туризм саласында балаларға басымдық жасап, оларға саяхаттауға көбірек мүмкіндік ұсыну керек дейді.
«Біз Кеңес одағы мектептерінде оқыдық, қалаларды білеміз. Ал көптеген бала үшін Ресей – бұл Мәскеу ғана. Шекара маңында қаншама қала бар деңізші. Жұмыс істеу қажет, Ресейдің «алтын бағыты» бойынша турларды дамытып, жаңғырту керек», — деп атап өтті ол.
Сұлтановтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасында балалар қауіпсіздігі саласында бірыңғай стандарттарды әзірлеу қажет.
Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы Омбыда 6 қараша күні басталды. Бірінші күні жоғарғы технологиялар көрмесі ашылып, қазір бірнеше панельдік сессия өтіп жатыр.
Тағы оқыңыз: Тоқаев пен Путин Омбыда кездеседі: президенттерге қандай тағам ұсынылады?
Ал жетінші қарашада пленарлық отырыста Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин шекара бойындағы ынтымақтастық туралы сөз сөйлейді.
sputniknews.kz