Қазақстанда қанша адам теріс діни ағымның жетегінде жүргені жарияланды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Терроризмге қарсы орталық жат діни ағымның жетігінде жүргендер Қазақстанның қай өңірінде көп тұратынын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қазақстанда 20 мыңнан астам деструктивті діни ағымның жетегінде жүрген адам тұрады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризмге қарсы орталық басшысының орынбасары Сергей Швейкин мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, дүниеге көзқарасы қалыптаспаған, діни сауатсыз жастар радикалды насихаттың құрбаны болып жатыр.

«2008 жылы біздің азаматтарымыз Ауғанстандағы Әл-Каида ұйымымен байланысы бар топтарға қосылмақшы болғаны анықталды. Ал 2013 жылдан Қазақстаннан Сирияға және Иракқа баратын туристер көбейді. Өткен кезеңде шетелге 800 қазақстандық азамат шықты. Оның ішінде ересек адамдар да бар. Көптеген азаматымыз сол жерде қаза тапты», — деді ол Қазақстан дінтанушыларының ХІ форумында.

Ол шетелде жүргендердің бір бөлігін ұстап, елге қайтаруға мүмкіндік туғанын атап өтті. Қазақстандықтар негізінен ДАИШ, Әл-Каида, Мұсылман джихады ұйымы* және тағы басқа халықаралық террористік ұйымдардың қатарында жүр.

«Біздің есебіміз бойынша, Қазақстанда деструктивті діни ағымдардың жетегінде 20 мыңнан астам адам жүр. Олардың басым бөлігі Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматыда қалаларында тұрады», — деді Ұлттық қауіпсіз комитетінің полковнигі.

Сонымен қатар ол елдегі діни ахуалды сауықтыру үшін бұл өңірлерде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Қазақ жігіттерінің Сириядағы қылмысы жарияланды

Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың айтуынша, елімізде жыл сайын 500-ден астам азамат деструктивті ағымнан бас тартып, дәстүрлі дінге қайта оралады екен.

*Қазақстан, Ресей және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйымдар



sputniknews.kz