Омбы қазақтары ана тілі мен салт-дәстүрін қалай сақтап қалды?

0

Сұхбат

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Омбының этникалық қазақтары ана тілін оқытуды жаңа деңгейге көтермек. Қала белсенділері бір жылда алты курс ашты, алда орыс мектептерінде қазақ сыныптарын ашу жоспары да бар

ОМБЫ, 6 қараша– Sputnik. Омбыда қазақ тілі тұрмыстық деңгейде сақталып қалған, әзіргі ғылым ана тілімізде сөйлемейді. XX ғасырдың басында Омбы облысында алты жүзге жуық қазақ ауылы болған, қазір шамамен қырық ауыл қалды.

Бүгінде Омбының өзінде Ресейдегі көрсеткіш бойынша үшінші қазақ қауымы тұрады. «Омбы қазақтары» қоғамдық ұйымының басқарма төрағасы Қуаныш Елеутаев Sputnik Қазақстан-ға сұхбат беріп, тіл, дәстүр мен проблемалар жайында айтып берді.


©
Sputnik / Айгюзель Кадир

«Омбы қазақтары» қоғамдық ұйымының басқарма төрағасы Қуаныш Елеутаев

— Омбыда қанша қазақ тұрады?

— 2010 жылғы ресми мәлімет бойынша, 78-80 мың қазақ тұрады. Қазақтар саны бойынша бірінші орында — Астрахань, 180-190 мың қазақ. Екінші орында – Орынбор, 120 мың. Ал Омбыда жүз мыңға жуық этникалық қазақ тұрады деп болжап отырмыз.

Мәліметтер шамамен он жыл жаңартылған жоқ. Келесі бүкілресейлік халық санағы 2020 жылға жоспарланған.

— Омбыдағы қазақтар санының ұлғаюы немен байланысты?

— Мен Қазақстаннан жаппай бізге келіп жатыр деп айта алмаймын. Омбыға өңірлерден көптеген адам келеді, бірақ олар этникалық қазақтар емес. Мысалы, Ресейдегі немістер жиі келеді. Бұл олар үшін Ресей азаматтығын алуға жасалған бір қадам.

Тағы оқыңыз: Қазақстан бүкіл әлемдегі этникалық қазақтарға арнайы куәліктер береді

2019 жылы қазақтардың орташа жасы 32 болды. Ал Омбы облысы тұрғынының орташа жасы – 38. Яғни, алты жасқа үлкен. Бұған қоса, қазақтар отбасында бала саны екеуден көп. Бірақ халық саны бойынша мәліметтер өзгеріп тұрады, еңбек көші-қоны деген бар. Қазақтар бұл жерден Мәскеу, Санкт-Петербор, Астанаға (қазір Нұр-Сұлтан) кетеді. Олар көбінесе Ресей азаматтығын сақтап қалады, тұруға ыхтиярхат қана алады.


©
Photo : предоставлено организацией «Казахи Омска»

Омбы оқушылары қазақ ауылында болды

— Дәстүр мен тілді сақтай алдыңыздар ма?

— Бізде дәстүр жақсы сақталған. Біз неке, жерлеумен байланысты барлық әдет-ғұрыпты ұстанамыз, мұсылманбыз ғой. Дегенмен тілдің сақталуына қатысты кейбір проблема бар. Себебі қазақ тілі негізінен ауылдарда сақталған. Қазір Омбы облысында қырыққа жуық қазақ ауылы бар. Бірақ біз бұл проблеманы шешіп жатырмыз.

— Қалайша?

— Өткен жылы «Ана тілі» деген қазақ тілі курсын аштық. Бастапқыда бізде 10 оқушы ғана болған, ал қазір алты курс бар. 70 адам жазылды, енді жетінші курсты ашпақпыз. Біз бұны қазақ тілі жанашырлары клубы деп те атаймыз. Бұнда келу тегін емес, айына 1200 рубль (7200 теңге). Десек те, біз бұдан пайда көріп отырған жоқпыз, ақша ғимаратты жалға алу мен оқытушылардың жалақысына кетеді.

Тағы оқыңыз: ҰҚК Қытайдан қашып келген қандастарға қатысты түсініктеме берді

Ресей заңы бойынша, бұл елде тұратын әр халық өз ана тілін оқуға құқылы. Мысалы, Түмен облысының мектебінде қазақ сыныбы ашылды. Біз де осы жүйені бүкіл өңірге толық енгізгіміз келеді. Аймағымыздың жеті мектебіне қазақ тілі екінші шет тілі ретінде оқытылады, ал біз ана тілі ретінде оқытылғанын қалаймыз.


©
Photo : предоставлено организацией «Казахи Омска»

Омбыда наурыз тойланды

— Ұйымдарыңыз тағы немен айналысады?

— Біздің жобалар қатарында «Ару қыз» атты дәстүр, талант пен сұлулық конкурсы, ауылдарға барып, концерт қойып, ақсақалдардан қазақша аңыздар мен ертегілер жазып алуға бағытталған «Ұрпақтар сабақтастығы» отбасылық жобасы, Омбы қазақтарымен «Ашық әңгіме» және тағы басқалар бар. «Алтын адам» қазақтардың өңірлік сыйлығы да бар. Ол бойынша біз ғылым, медицина, спорт, шығармашылық, тіпті  той-бизнес сияқты түрлі салада үздіктерді таңдаймыз.


©
Photo : предоставлено организацией «Казахи Омска»

Жеңіс күніне арналған домбыра кеші

— Сұхбатыңызға көп рахмет!



sputniknews.kz