Ішкі істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ішкі істер министрлігінде екі ірі департаменттің басшысы ауысты, сонымен қатар қылмыстық атқару жүйесі комитетінің орынбасары тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жеке құрамға екі ірі департаменттің жаңа басшыларын таныстырды. Тағайындаулар президент әкімшілігімен келісіп жасалды.

Сонымен тергеу департаментінің басшылығына полиция полковнигі Санжар Әділов тағайындалды.


©
Photo : министерство внутренних дел Республики Казахстан

Санжар Әділов

Санжар Әскенұлы Әділов 1977 жылы туған. 1999 жылдан бері ішкі істер органдарында жұмыс істейді. Біраз уақыт басшылық қызметті атқарған. Құқық қорғау органдарының тергеу құрылымдарында еңбек етті. Соның ішінде ішкі істер және қаржы полициясы бар. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының полиция департаменттерінде басшының орынбасары қызметін атқарды.

Жаңа басшыларды таныстыру кезінде министр Тұрғымбаев орталық аппаратқа қылмыспен күрес саласындағы негізгі мақсат-міндеттерді де еске салды.

«Дәл осы тергеу құрылымдары қылмысты дер кезінде және толық ашып, азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуі керек», — деді Тұрғымбаев.

Бұдан бөлек, министр көліктік полиция департаментінің жаңа басшысын таныстырды. Осы қызметке Оңал Бекиев тағайындалды.


©
Photo : министерство внутренних дел Республики Казахстан

Оңал Бекиев

Оңал Ботаұлы Бекиев 1975 жылы туған. 1998 жылдан бері ішкі істер органдарында жұмыс істеп келеді. Бұған дейін сан алуан басшылық қызметтер атқарған. ІІМ кадрлық саясат департаменті басшысының орынбасары, сондай-ақ, көліктік полиция және Алматы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары болды.

Ал қылмыстық атқару жүйесі комитетінің орынбасары қызметіне Есқали Саламатов тағайындалды.

Есқали Амангелдіұлы Саламатов 1971 жылы туған. 1994 жылы ішкі істер органдарына келген. Басшылық қызметте біраз уақыт жұмыс істеді. Қылмыстық атқару жүйесінде, президент әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде қызмет атқарған.



sputniknews.kz