Балабақша сабақ жоспары: Менің елім » ZHARAR
Мақсаты: Балаларды өз Отанын сүюге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің нышандарының қойылуы себебі жайында толық мәлімет беру. Отаншылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: мемлекетіміздің Рәміздерінің, Астана қаласының суреттері.
Қолданатын құралдар: түрлі түсті қағаз, желім.
Амандасу шеңбері: «Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді»
Тәрбиеші: Амансыңдар ма, достарым!
Балалар: Сәлеметсіз бе, апай!
Тәрбиеші: Қане, балалар, шеңберге тұрайық, бір-бірімізге алақандарымыздың жылуын беріп, жақсы тілектер айтайық.
— Күніміз шуақты болсын!
— Аспанымыз ашық болсын!
— Көк туымыз биік болсын!
— Елімізде тыныштық болсын!
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Менің елім — Қазақстан» деп аталады.
— Балалар, біз қай елде, Республикада тұрамыз?
— Қазақстан Республикасында тұрамыз.
— Қазақстанның елордасы қай қала?
— Астана.
— Елбасымыз кім?
— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
— Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
— Иә, олар Әнұран, Ту, Елтаңба.
Ендеше кім Рәміздер туралы өлең айтып береді?
Даяна: Рәміздеріміз – елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші.
Архат: Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Балалар: Қазақстан Республикасының Әнұранын хормен орындайды.
Сергіту сәті: Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Тәрбиеші: Балалар, кім Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер біледі?
Арсылан: Отан оттан да ыстық.
Аружан: Туған жер – алтын бесік.
Саян: Отан – елдің анасы.
Қортынды: Логикалық ойын «Кім жылдам?»
Мақсаты: Көк туды құрастырып, желіммен ақ қағазға жабыстыру. …..
Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com