Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау

0

Елдің басым бөлігінде қатты жел, тұман, бұрқасын болады. Бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша — Sputnik. Синоптиктер сәрсенбі, 6 қараша күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады. Тек оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз. Сондай-ақ, жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік пен шығыста бұрқасын күтіліп отыр.

Дабылды ескерту

Сәрсенбі күні Қостанай және Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Түркістан облысында да жылдамдығы 15-20 м/с қатты жел соғады.

Өңірлердегі ауа райы

Метеорологтар Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болатынын айтып отыр. Күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан өңірлерінде тұман және көктайғақ, Шығыс Қазақстанда бұрқасын болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында тұман болады. Маңғыстау, Түркістан өңірлерінде жел күшейіп, секундына 15-20 метрге жетеді.

Ірі қалалардағы ауа райы

Сәрсенбі күні астанада дабылды ескерту жарияланды. 6 қараша күні тұман және көктайғақ болады. Түнде минус 3-5 градус, күндіз 0-2 градус салқын.  

Алматыда да түнде -3, күндіз 3-5 градус. Күн құбылмалы.

Шымкентте түнде 4-6 градус салқын болады, күндіз 5-7 градус жылы.



sputniknews.kz