Жаттығусыз арықтаудың жолы қайсы – маман жауабы
Қысқа сілтеме алу
Диетологтар спортпен айналыспай-ақ арықтаудың жолын айтты. Аптасына үш күн бір тәулікке арналған калория мөлшерінің 25 процентін ғана жеу керек
НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша — Sputnik. Мамандар арықтағысы келетін, бірақ түрлі себеппен спортпен шұғылдана алмайтын адамдарға кеңес берді.
Food News порталы сарапшыларының айтуынша, артық салмақтан арылу үшін ас рационына ақуызға бай азық-түлікті қосу керек. Ет, құс еті, балық, үрмебұршақ, тофу, асбұршақ, ноқат, жаңғақ, чиа тұқымдары, асқабақ шекілдеуігі және тұздалмаған жержаңғақ солардың қатарында.
Жаттығусыз арықтаудың тағы бір тәсілі — тамақтану уақытын қатаң ұстану. Яғни диетологтар әрдайым бір уақытта тамақтанудың маңызды екенін ескертеді.
Тағы оқыңыз: Қыста артық салмақ жинамау үшін не істеу керек – дәрігер құпияны ашты
Мәселен, аптасына үш күн бір тәулікке арналған калория мөлшерінің 25 процентін ғана жеу керек. Ал қалған күндері күнделікті режимде тамақтануға болады. Алайда мөлшерден тыс жеуге болмайды.
sputniknews.kz