Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды
Қысқа сілтеме алу
ТЖ комитеті қазақстандықтарға екі облыста көктайғақ болып, жолды көру мүмкіндігі нашарлайтынын ескертті
НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Қар, көктайғақ және қатты бұрқасыннан «Самара-Шымкент» тас жолының екі учаскесі жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қарабұтақ кентінен Қызылорда облысының шекарасына дейінгі 965-1240 шақырым учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысында осы жолдың Аралдан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 1357-1240 шақырым учаскесі жабылды», — деп мәлімдеді ТЖК-дан.
Айта кетсек, Қазақстанның басым аумағында кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен солтүстік-шығысында бұрқасындатады.
Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде көктайғақ болады деп болжанып отыр. Желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін күшейіп, бұрқасын соғады. Ал Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі.
Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты
Қызылорда облысында кей аймақтарда – тұман, көктайғақ, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
Жамбыл, Ақтөбе облыстарында, түнде және таңертең Алматы облысында тұман түсіп, 15-22 м/с жел соғады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.
sputniknews.kz