Шымкентте білім саласының басшылары пара алды деген күдікке ілінді

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Мемлекеттік қызметкерлер заңды бұзып, пара алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Шымкент қаласында бірқатар басшылар пара алды деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бірқатар лауазымды тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын жеткізді.

«2018-2019 жылдары колледжде аудиторлық тексеріс жүргізілген. Қалалық әкімдіктің ішкі аудит қызметінің басшысы тексеріс барысында оң шешім шығарғаны үшін қалалық білім басқармасына қарасты музыкалық колледж директорынан 1 миллион 200 мың теңге сомасында пара алған. Басшының бұл әрекеті әшкереленді», — делінген департамент таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, осыған ұқсас қылмыс жасады деген күдікпен қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушының үстінен іс қозғалды.

«Ол орта мектептің оқу бөлімі меңгерушісін мектеп директоры лауазымына тест тапсыруына көмектескені үшін 400 мың теңге сомасында ақша алған», — делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Ақмола облысында шенеуніктің пара алған сәті видеоға түсіп қалды

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.



sputniknews.kz