Қазақстандық жігіт Ресейде сатушыны тонап, оны жұбатып тұрған жерінен ұсталды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстанның жас азаматы қызметкерлерді травматикалық тапаншамен қорқытып, «микрокредит» алуды әдетке айналдырған

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Ресейдің Челябинск қаласында микрокредиттік ұйымдар мен дүкендерді тонауды кәсіпке айналдырып алған жігіт ұсталды.  

22 жастағы қазақстандық қызметкерлерге травматикалық тапанша кезеніп, «қарыз» бере тұруын сұраған. Сонымен бірге қарудан қорқып, күйзеліске түскендер болса, олармен сыр айтысып, жұбатқан, деп жазды Mash Telegram арнасы. Ол жағдайын сұрастырып, проблемаларын тыңдап, кеңестер берген.

Дегенмен жас жігіт азық-түлік дүкендерінің бірінде сатушымен «мылжыңдасып» тұрған жерінен полицияның қолына түсті.    



sputniknews.kz