Жансақтау бөлімінде жатыр: Елордада спортшы ұрып тастаған ер адамның жұбайы тергеуге шағымданды — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтан қаласында бокстан спорт шебері көшеде кетіп бара жатқан ер адамды сұлатып түсірген. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шегушінің жұбайының сөзінше, тергеушілер үшін істің тергелуі созылып кеткен. Ол полицейлердің оқиға куәгерлерінен жауап алмағанын да айтады. 

Жансақтау бөлімінде жатыр: Елордада спортшы ұрып тастаған ер адамның жұбайы тергеуге шағымданды

Сурет: «Астана» арнасы

Бұл  туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сол күні Сыздықовтар отбасы қыздарының туған күнін атап өтіп жатқан. Әкесі торт алуға кеткен екен. Алайда оны көлік тұрағынан жедел жәрдем алып кетті. 

Бақылау камерасына түсіп қалған видео кадрларынан бастапқыла ер адамдардың қол алысқаны көрінеді. Алайда осы кезде оларға айналасындағылар қарай бастады. Артынша олар екі жаққа тарқасып, мұнан кейін бойы кішірек жігіт екі рет кәсіби соққы береді. Ал Рүстем Сыздықов жерге құлап, есінен танып қалған. Ал боксшы Мак-Грегордың жүрісімен ол жерден кетіп қалды. Алайда ұзаққ емес. Ол өзіне келді ме, әйтеуір оқиға орнына қайтып келіп, зардап шегушіні орнынан тұрғызуға тырысты. 

Рүстем Сыздықовтың жұбайының айтуынша, ер адамдар жолды бөлісе алмай сөзге келіп қалған. Бүгінде күйеуінің басына екі рет ота жасалған екен. Ол есін білгенімен, денесінің оң жақ бөлігі салданып қалған. 

«Ол бір рет соққы бергенін, такси жүргізушісі екенін айтты. Артынша біз оның кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы екенін білдік. Яғни ол адамның қай жерінен, қалай ұру керек екенін біледі», — дейді Анжелика Сыздықова. 

Зардап шегушінің жұбайы істің ұзақ тергеліп жатқанын айтып отыр. 
Ал боксшы Азат Хамзин оқиға орнынан қашып кетпеген. Сыздықовтың жұбайының сөзінше, сол жерге жедел жәрдемді боксшының өзі шақырыпты. Алайда боксшы оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты. 

Полициядағылар күдіктінің үй қамағына алынғанын айтты. 

«Ол сол күні ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Тергеу соты ер адамға қатысты үй қамағы түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі. Күдіктіге қатысты қозғалған бап бойынша, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған», — дейді елордалық ПД-ның баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова. 

stan.kz