Танымал әнші не үшін өкінетінін айтты
Әнші ән мен саясат арасында еш байланыс жоқ екенін айтып отыр. Ол сотқа барып, өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге дайын екенін де атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Ресейлік әнші Григорий Лепске Латвияға кіруге тыйым салынды. Әртіс осы мәселеге қатысты өкінішін білдірді.
Лепс кез келген уақытта Латвияға барып, биліктің сауалына жауап беруге дайын екенін айтты, деп хабарлайды LTV7 телеарнасы.
«Құжаттардың бәрін көруге болады. Егер бір дәйек табылса, мен кінәлі болсам, түрмеге қамаңдар. Бұл дұрыс шешім болады. Сотқа шақырып, кінәмді дәлелдеңдер. Мен АҚШ туралы айтып тұрмын. Латвия да осындай шешім қабылдады. Өте өкінішті», — деді Лепс.
Әнші бұл елге шығармашылық кеш өткізу үшін барғанын және өнер мен саясат арасында еш байланыс жоқ екенін айтты.
«Егер Латвия билігі қаласа, мені кез келген уақытта шақыра алады. Барлық сауалға жауап беруге әзірмін», — деді әртіс.
Тағы оқыңыз: Белгілі әнші күйеуімен бірге тұрудан жалыққанын айтты
Еске сала кетсек, 1 қараша күні Латвияның сыртқы істер министрлігі Лепстің елге кіруіне уақытша тыйым салған болатын.
sputniknews.kz