Алматыдағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
Қысқа сілтеме алу
Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Төбелескендердің ешқайсысы полицияға арыз жазбаған
АЛМАТЫ, 3 қараша — Sputnik. Алматыдағы жаппай төбелестің видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды. Оқиға қарашаның 1-нен 2-сіне қараған түні Желтоқсан көшесіндегі караоке-барда болған.
Видеода адамдардың арасында екі жігіттің бір-бірін итеріп тұрғаны көрінеді. Әйелдердің айғайлаған даусы естіледі.
Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі төбелескендердің ешқайсысы арыз жазбағанын айтты. «102» нөміріне де ресми өтініш түспеген.
Тағы оқыңыз: Ақтаудағы жаппай төбелес: қылмыстық іс қозғалды – видео
«Видео жарияланған соң Бостандық ауданы полициясының басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы («бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Төбелескендердің бәрі анықталатын болады. Кейін заңнамаға сәйкес шара қолданылады «, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұл бап бойынша ірі көлемдегі айыппұл немесе екі жылға бас бостандығын шектеу шарасы қарастырылған.
sputniknews.kz