полиция жол апатына қатысты түсініктеме берді
Қысқа сілтеме алу
Полиция департаментінің басшысы 17 жастағы бозбаланы қаққан көлік жүргізушісі тергеу абақтысында отыр дейді
АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев «17 жастағы бозбаланы қағып өлтірген жүргізуші бостандықта жүр» деген қауесетке түсініктеме берді, деп хабарлайды «Ак Жайык» басылымы.
Үмбетқалиевтің айтуынша, мамандандырылған тергеу сотының қаулысына сай, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, тергеу абақтысына қамалған.
Тағы оқыңыз: Атырауда екі көлік бетпе-бет соқтығысты: 27 жастағы жүкті әйел көз жұмды
Оның мәліметінше, қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Облыстық полиция департаментінің басшысы азаматтарды әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратпауға шақырды және бұл үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын айтты.
Атыраудағы жантүршігерлік апат
Еске салсақ, қайғылы оқиға 21 қыркүйекте болды. Жасөспірім жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан. Сол сәтте жүйткіп келе жатқан көлік бозбаланы қағып өлтірді.
sputniknews.kz