Канело кезекті қарсыласын нокаутқа түсірді
Спорт
Қысқа сілтеме алу
Канело Ковалевті 11 раундта нокаутқа түсіріп, WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы чемпион белбеуін иеленді
НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында бокс кешінің басты кездесуі — мексикалық Сауль Канело Альварес пен ресейлік Сергей Ковалев жекпе-жегі өтті.
Кездесу нәтижесінде Канело Ковалевтің еншісінде болған WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы белбеуін жеңіп алды.
Тағы оқыңыз: Боксшы Нұрсұлтанов АҚШ-та жеңіске жетті — видео
Канело мен одан жеті жас үлкен Ковалев арасындағы жекпе-жек тартысты өтті. Дегенмен Сауль Канело Альварес қарсыласын 11-ші раундта нокаутқа түсіре алды. Осылайша, мексикалық боксшы төртінші салмақ санатында әлем чемпионы атанды.
sputniknews.kz