36 жастағы қала тұрғыны балабақшаға баса-көктеп кіріп, баланы өлтірді
36 жастағы жергілікті тұрғын оқиға орнында ұсталды, ол мас болған. Неге бұлай жасағаны әзірге түсініксіз
НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Ресейде ер адам балабақшада алты жасар баланы өлтірді, деп хабарлады РИА Новости.
Тергеу комитетінің мәліметінше, Нарьян-Мар қаласында орналасқан балабақшада ер адам тынығатын уақытта алты жасар баланы пышақтап тастаған.
36 жастағы жергілікті тұрғын оқиға орнында ұсталды, ол мас болған. Неге бұлай жасағаны әзірге түсініксіз.
Балабақшадағы қанды қырғын: әйел 14 бүлдіршінді пышақтап тастады
Кәмелетке толмаған баланы өлтіру туралы қылмыстық іске қоса, немқұрайлылық танытқан балабақша қызметкерлері мен күзетшілеріне қатысты іс қозғалды.
Тергеушілер күдіктіні тергеу абақтысына қамауды талап етуде.
@Lshot Telegram-каналында балабақша күзетшілері ер адамды ата-аналардың бірі деп ойлап, жайбарақат ішке кіргізіп жібергені хабарланды.
@Mash мәліметінше, ер адам 2016 жылдан бері нашақорлықтан емделіп жүрген, галлюцинация салдарынан балабақшаға кіріп кеткен болуы мүмкін.
sputniknews.kz