Ер адам мейрамханада 54 миллион теңгеге тамақтанғанын байқамай қалған

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қытайдың Чжуцзи қаласының тұрғыны мейрамханада аса қомақты қаржыны қалай төлеп қойғанын байқамаған екен

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Қытайдың Чжэцзян провинциясы Чжуцзи қаласының тұрғыны мейрамханада 1 миллион юаньға тамақтанды, деп хабарлайды Asia One басылымы.

Ол қалада жаңадан ашылған мейрамханаға төрт досымен бірге тамақтануға барады. Ер адам өзімен қоса достары үшін ақша төлеуді жөн санайды.

Мейрамханадағы шот сомасы шамамен 85 юань болған. Алайда ол тамақ ақысын төлеу үшін ұялы телефонын терминалға қойған кезде есеп шотынан 1 миллионнан астам юань ( шамамен 55 миллион теңге) ұсталады. 

Сол күні мейрамханаға келушілер көп болып, қызметкерлер ер адамның картасынан қомақты қаржы алынғанын тек ертеңінде байқайды.

«Біз қонақтардың қанша ақша төлегенін тексердік. Көп нөлді көрген кезде шошып кеттік», — дейді мейрамхана қожайыны Чэнь Руосюань (Chen Ruoxuan).

Ол төлем қызметін көрсететін компанияға хабарласып, қателік кеткенін айтып, болған жайтты түсіндіреді.

Чэнь Руосюань мейрамхана бизнесінде ұзақ жылдар бойы еңбек еткендіктен абыройына нұқсан келмес үшін артық ақшаны өзінде қалдырмайды.

Төлем компаниясы қателікті анықтап, 1 миллионнан астам юаньды мейманның есеп шотына аударады.

Ал аты-жөнін атағысы көлмеген мейрамхана қонағы картасынан қомақты қаржының алынғанын байқамаған болып шықты.



sputniknews.kz