Америкалықтар НАТО-ның Югославиядағы әскери операциясы туралы біле ме – сауалнама

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сауалнамаға қатысқандардың жиырма проценті НАТО коалициясының әрекеті туралы сауалға жауап бере алмады

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан — Sputnik. Америкалықтардың дені 1999 жылы НАТО елдері коалициясы Югославияны бомбалағанын білмейді. Sputnik.Мнения сауалнамасының қорытындысы осындай.

Франциялық IFop компаниясы  2-15 қазан күндері АҚШ-та SputnikNews –ке арналған сауалнама жүргізді. Оған 18 жастан жоғары 1 001 адам қатысқан.


©
Sputnik / Григорий Сысоев

НАТО-ның Югославиядағы операциясы кезінде қираған ескі телевизиялық орталық ғимараты

Оларға «1999 жылы НАТО елдері коалициясы (АҚШ, Франция, Германия және т.б.) 80 күн бойы Югославияны бомбалағанын білесіз бе?» деген сауал қойылды.

Сауалнама қатысқандардың 26%-і – «иә», 54%-і – «жоқ» деп жауап берді. 20%-і жауап бере алмаған.

Сауалнамаға адамдар жасы, жынысы және тұратын жері арқылы таңдалды. Таңдаудың қателік ықтималдылығы +/- 3,1% шамасында есептеліп отыр.

НАТО-ның Югославиядағы операциясы

НАТО (Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымы) 1999 жылдың 24 наурызы мен 10 маусымы аралығында Югославияда әскери операция жүргізді.

Операцияда негізгі күш америкалықтар болса, кейін Франция, Германия, Италия, Норвегия, Португалия, Испания, Түркия және Ұлыбритания авиациясы қосылды.


©
Sputnik .

Югославиядағы НАТО-ның әскери операциясының 20 жылдығы, архив кадрлары

Оқиға салдарынан 2,5 мың адам қаза болды, оның 89-ы – бала деп хабарланды. Қаза болғандардың нақты саны белгісіз.

Әскери операция Біріккен ұлттар ұйымы қауіпсіздік кеңесінің келісімінсіз жүргізілді.

Sputnik.Мнения

Sputnik.Мнения халықаралық жобасы 2015 жылдың қаңтарында басталды. Жоба серіктестері —  Populus, IFop және forsa зерттеу компаниялары.

Sputnik – ірі халықаралық БАҚ-тың бірі. Әлемнің 130 елінде 32 тілде ақпарат таратады.  



sputniknews.kz