Шымкенттегі Азия чемпионатында жанжал шықты – видео

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жарысқа төрт жүзден астам спортшы келген. Алайда дәл чемпионат қарсаңында мұндай сайыс өткізетін орын табылмай қалды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Шымкентте тхэквондодан Азия чемпионаты кезінде жанжал шықты. Дәл жарыс қарсаңында чемпионат өткізетін орын табылмай қалған, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Екі күн болатын чемпионатқа Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 400-ге жуық спортшы келді.

ITF тхэквондо федерациясының президенті Айдос Аманжоловтың айтуынша, жарысты өткізу үшін  жергілікті университеттің залы жалға алынған. Кейін оқу орнының басшылығы келісімнен бас тартыпты.

Тағы оқыңыз: Карьерасын аяқтаған танымал қазақстандық спортшылар қазір қайда жүр?

Бұдан соң ұйымдастырушылар спорт мектебімен келісті. Алайда турнир басталар кезде қатысушылардың бәрі далада қалды. Ешкім себебін түсіндірмеген.

ITF тхэквондо федерациясының президенті бұл қасақана жасалған әрекет екенін айтып отыр. Ол бұған Шымкент және Түркістан облысы спорт бірлестіктері арасындағы бәсекелестік себеп болғанын алға тартты.



sputniknews.kz