Жалғыздықта іске асыруға болатын істер

0

Жалғыздықта іске асыруға болатын істер

Демалыстың барлығында достарымызбен, туыстарымызбен кездесу мүмкіндігі туа бермейді. Кейде жалғыз қалатынымыз бар. Сондай сәтте уақытты қалай өткізерімізді білмей дал боламыз. Сондықтан, уақытты текке өткізіп алмаудың мынадай жолдарын ұсынамыз:
1. Өзіңізге кешкі ас дайындаңыз.
Жалғыз қалғаныңызды сылтауратып, сырттан жүрек жалғау үшін бәліштер немесе тез дайындалатын тағам алатынымыз бар. Несі бар?! Осы жолы өзіңізді еркелетіп, тек өзіңізге арналған кешкі ас дайындап көріңіз.

2. Билеп алыңыз.
Құлағыңызға құлаққапты киіңіз де, музыканы бар дауысына қойыңыз. Енді сізге ешкім кедергі жасамайды. Би – іштегі барлық мұң, ойдан арылтатын жеңіл спорт түрі. Сізді ешкім сөкпейді. Жалғыздықта билеп алу сізді сергек ете түседі.

3. Қыдырып қайтыңыз.
Жылы киініп алыңыз да, бір серуендеп қайтыңыз. Көшелерге зер салып қараңыз. Қандай өзгерістер орын алған екен? Күйбең тірлікпен жиі байқай бермейміз. Бірақ, қала да, ауыл да ылғи даму мен үздіксіз үрдістер жүріп жатады.

4. Кітап оқыңыз.
Досыңыздан сұрап алған кітабыңызды әлі аяқтамадыңыз ба? Ендеше осы сәтті пайдаланып, аяқтап тастаңыз.

5. Үй тірлігімен айналысыңыз.

Үйді жинап, кір жуып, ыдыстарды орнына орналастыру сіз біле бермейтін рахат сезімін сыйлайды. Уақытыңыздың текке өтпегенін сезесіз.

Сериалдар мен әлеуметтік желіге, ұйқыға уақытыңызды арнасаңыз демалғаныңызды сезбейсіз. Сол себепті, әр сәтті тиімді өткізіңіз.