Пластикалық хирург ең сұлу 10 әйелдің есімін атады

0

Пластикалық хирург Джулиан Де Сильва танымал адамдардың бетінің пішінін «алтын қима» формуласы бойынша зерттеп шықты. Ерін, мұрын, иек, маңдай және жағының өлшемін жасады. Нәтижесінде әлемдегі ең сұлу 10 әйелдің есімін атады

Супермодель Белла Хадид мінсіз атануға бәрінен де жақын болды. Оның көрсеткіші 94,35%. Сондықтан хирург оны әлемдегі ең сұлу әйел деп отыр.

Америкалық модельдің бет пішінін мінсіз деп айтуға болады, деп жазады The Sun.

«Белланың жеңімпаз екеніне күмән жоқ. Оның иегінің көрсеткіші — 99,7%. Мінсіз пішін деңгейіне дейін небәрі 0,3% жетпеді», — дейді пластикалық хирург.

Екінші орында әнші Бейонсе (92,44%), үшінші орында актриса Эмбер Херд (91,85%). Актрисаның мұрны мінсіз екен.

Топ-10 рейтингісіне Ариана Гранде, Тейлор Свифт, Кейт Мосс, Скарлетт Йоханссон, Натали Портман, Кэти Перри және Кара Делевинь де енді.

Тағы оқыңыз: Талғамда талас жоқ: жүз жылда сұлулыққа деген көзқарас қалай өзгерді – фото

Пластикалық хирургтың айтуынша, компьютерлік есептеу әдісі ғалымдарға әдемілік өлшемін есептеуге көмектеседі.



sputniknews.kz