Қазақша өлең: Дүйсенәлі Әлімақын (Бұлттар көшіп бара жатыр . . .) » ZHARAR
Сарбаздардай сап түзеген ұрысқа,
Бұлттар көшіп бара жатыр шығысқа.
Беу ,бұлттар, Алатаудың бауырында,
Бір ақынның жүргендігін ұмытпа.
Бұлттар көшіп бара жатыр шығысқа.
Беу ,бұлттар, Алатаудың бауырында,
Бір ақынның жүргендігін ұмытпа.
Бұлттар көшіп бара жатыр, құт білем,
Айналаға қаулайды енді сүттіген.
Ақша бұлттар, сәлемімді жеткізгін,
Өтер болсаң, біздің ауыл үстінен.
Ақша бұлттар, әппақ қанат құстарым,
Керуеніңнен кербез сырды ұққанмын.
Баяу ғана қалқып өтші қасынан,
Өредегі анам жайған сықпаның.
Әжем құяр сары қымыздың сарқынын,
Таңдайыңа тамыза кел жарқыным.
Және тағы жанарыңа жаза кел,
Әкем мінер күміс ердің жарқылын.
Сәлем айтқын ағайынға, туысқа,
Оралатын шығарсыңдар жуықта.
Менің жүрек сырларымды ұмытпа,
Көшіп бара жатқан бұлттар шығысқа.
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com