Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу » ZHARAR

0

№24 Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.
Білім бері саласы:»Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта. Жыл мезгілі — көктем
Мақсаты: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; заттың орналасу ретіне қарай сөзбен баяндау қабілетін арттыру; жыл мезгілдерін (көктем, жаз, қыс, күз) айыра білу және атап көрсету қабілетін нығайту.
Әдіс — тәсілдер: сұрақ — жауап, демонстрациялық ойын

Мотивациялық қозғаушылық
Цифрды тап ойыны
Педагог балаларға цифрды көрсетеді және оның қандай цифр екенін сұрайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік 1 — тапсырма
Сұрақ қояды:
— Қоянның неше сәбізі бар?
— Тиіннің неше саңырауқұлағы бар?
— Себетте қандай сан жазылған?
Педагог себетте төрт заты бар аңмен сызық арқылы қосуды сұрайды (тиінмен)
Нақтылайды:
— неліктен тиінмен қостыңдар?

2 — тапсырма.
Педагог сол жақтағы цифр қандай санды көрсетіп тұрса, жолақтың ішіне сонша зат салуды тапсырады.
Педагог орындалған тапсырманы тексереді және мынадай сұрақ қояды:
— 5, 4, 3 цифрларының қасына неше заттың суретін саласыңдар? себебін түсіндіріп беріңдер.

3 — тапсырма.
Менің оң қолымда қоян, сол қолымда тиін (ойыншық) тұр. Балалардан тиін мен қоянды қай қолына ұстап тұрғанын сұрайды. Осыдан қорытынды жасаймын:
— Егер адам сендерге қарап тұрса, оның оңы сендердің «сол жағың» болып табылады.
Балаларға тапсырманы дәптерге орындау керек екенін айтамын.
— Бала бетімен қарап тұра ма, әлде арқасын беріп тұра ма?
— Оның «оң жағы» қайсы, «сол» жағы қайсы?
— Жалауша оның қай қолында?
— Шар баланың қай қолында?
Баланың оң қолындағы затты қызыл қарындашпен бояуды тапсырамын?

4 — тапсырма:
Өлеңде суреттелген жыл мезгіліне байланысты суретті тауып бояп, ал артық суретті сызып тастауға тапсырма беремін.
Сұрақ қоямын:
— Алма салынған себетті неліктен сызып тастадыңдар?
— Қандай суретті боядыңдар және неге?
— Көктемнің тағы қандай белгілерін білесіңдер? …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com