Алматыда жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай болған жерге өрт сөндірушілер келді. Тілсіз жау ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
АЛМАТЫ, 24 қазан — Sputnik. Алматының Әл-Фараби даңғылында автобус түгі қалмай жанып кетті.
Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді.
«Сағат 6.45-те Бостандық ауданы Әл-Фараби даңғылы мен Ходжанов көшесінің қиылысында автобустың өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Кейіннен «Yutong» маркалы №32 жолаушылар автобусының өртке оранғаны анықталды. Көлік жүргізушісі тілсіз жаумен өзі күресуге тырысқан», — деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сағат 07.04-те сөндірілді. Оның аумағы — 25 шаршы метр.
Оқиға болған кезде автобуста жолаушылар болмаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
©
Sputnik / Стрингер.
Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті
Көктемде елордада осыған ұқсас жағдай болған еді. Ол кезде де №13-ші сәтсіз нөмірлі автобус түгі қалмай жанып кетті. Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
sputniknews.kz