«Сыра әкелуге жүгірдім»: Беларусь президенті Назарбаевпен достығы туралы айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Беларусь президениті Александр Лукашенко Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен достығы қалай басталғаны туралы айтып берді.

Бұл туралы Беларусь мемлекетінің басшысы «Хабар» агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Лукашенконың сөзінше, ол КСРО құлап, құрамындағы мемлекеттер тәуелсіздігін алып жатқан тұста Назарбаевпен алғаш рет кездескен. 

«Президент атанғанымда 40-қа да толмаған едім. Келсем, онда ақсақалдар екен: Нұрсұлтан, Ельцин, Кәрімов, Ниязов. Эмомали Рахмон екеуіміз «жас» басшы болып қалдық. Халықта айтылатындай, бастапқыда сыра әкелуге жүгірдім», — дейді Беларусь президенті.

Сонымен қатар ол Назарбаевпен бірден жақсы қарым-қатынаста болғанын еске алды. Олар көп әзілдеп, үнемі бір-біріне қолдау білдірген. 

«Мен Алматыға алғаш келгенімде, Нұрсұлтанның туған аулында болдым. Ол жақты тамашалап, қайда тұрғанын көрдім. Біз – ауылдан шыққанбыз. Сондықтан ол да өзіне жақын сезінді.

Біз үнемі ортақ келісім табатынбыз. «Сен» деп сөйлесіп, кейде балағаттап жіберіп, ұрысып қалып, құлағына сыбырлап, өзгелері естімеуі тиіс нәрселер туралы айтатынбыз. Алайда үнемі түсінісетінбіз. Мен екеуіміздің достығымызды өте бағалаймын»,- дейді Александр Лукашенко.

stan.kz