Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіме оқу (1 сынып, 7 бөлім ) » ZHARAR

0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіме оқу (1 сынып, 7 бөлім ) казакша Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіме оқу (1 сынып, 7 бөлім ) на казахском языке

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Сабақ тақырыбы: Әңгіме оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату
1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну
Сабақ мақсаттары: Жеміс немесе көкөніс салатын жасауға рецепт жазамыз.
Сабақ барысы: «Шаттық шеңбері»
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Күндей таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастаймыз.
Жұпта бір-біріне тілектер айту.
Барлық сыныппен жұмыс.«Жасырынған тағамды тап» ойыны
Ойынның шарты:
Балалардың бірі тақтаға шығады және кестенің бір бөлімін іштей таңдайды. Қалғандары оған мынадай сұрақтар қояды:
— Ол тағамның пішіні дөңгелек пе?
— Ол тағам төменгі қатарда орналасқан ба ? т.с.с.
Осылайша, оқушының іштей жасырған кестедегі бөлімін сұрақтар қою арқылы табады. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жасырынған тағам — нанның суреті болуы керек.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Барлық топ оқушыларынаББҮ кестесін таратады.
Нан туралы не білетіндерін жазу ұсынылады.
Топтық жұмыс.
ББҮ кестесін толтыру. Нан туралы не білесіңдер?деген сұрақ қойылады.
Не білемін? Не білгім келеді? Не үйрендім?
Әр топтың жауабы тыңдалады.
-Дастарханға нан қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Неге олай ойлайсыңдар?Оқушылардың ойларын тыңдау.
-Бүгін біз «Бір үзім нан» деген ертегімен танысамыз.
-Барлық топқа ертегінің бастапқы мәтіні беріліп, соңын өздері өз ойымен аяқтаулары керек екенін айтылады. «Болжау» стратегиясын қолдану.
Топпен жұмыс.
Әрі қарай ертегіні оқушыларға өз беттерімен болжай отыра жалғастыруға және аяқтауға беріледі.Әр топ өз ойларын ортаға салады. Осы кезде топтық ережені есте сақтау керек.
Топтың ережесі:
1.Бір-бірін мұқият тыңдау.
2.Біреудің айтқанын қайталамау
3.Тақырыптан ауытқымау.
4.Топта кезектесіп сөйлеу.
5.Сабаққа белсенді қатысу.
Ертегіні топтық жұмыс бойынша аяқтау.Топтар бір-біріне ертегі бойынша сұрақтар дайындап қояды,бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
Шығармашылық жұмыс. (қосымша тапсырма)
Кейіпкерге қарапайым сөздерді қолдана отырып, шағын хат жазу, оны өздері таңдап алу.
1.Байға хат жазу.
2.Кедейге хат жазу.
Сабақ бойынша кері байланыс жасау.
Не қиын ? Неқызықты? Не маңызды?
Оқушылар көңіл-күй суретінде жазылған әр сұраққа қарап, бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтады.
Мұғалімнің жетекші сұрақтары:
Бүгінгі сабағымыз не жайлы болды?
Мәтіндегі кейіпкерлерге қандай тілек айтасыңдар?
Оқушылар өз ойларын ортаға шығып айтады…..


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com