53 жастағы әйел сұлулық құпиясымен бөлісті

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

53 жастағы Англияның тұрғыны аптасына бес рет спортпен шұғылданады екен. Ол жаттығудың қандай тәсілін таңдағанын айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Англиядағы Беркшир графтығының тұрғыны жас болудың құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Daily Mail басылымы.

53 жастағы Трейси Белинданың үш баласы мен екі немересі бар. Ол өзінің табиғи сұлулығы мен өмірге деген құштарлығын жоғалтпаған. Трейси күн сайын спа-салонына барады. Сондай-ақ ол далаға шықпас бұрын, бетіне күннен қорғайтын крем жағады екен. Оның айтуынша, бұл терінің қартаю процесін тежейді.

Сондай-ақ Беркшир графтығының тұрғыны соңғы кездері күтім жасаудың қиындап кеткенін де жасырмады.

Тағы оқыңыз: 21 жасынан бері дене бітімі өзгермеген 50 жастағы модель бар құпияны ашты

«Соңғы уақытта өзімді бабымда ұстау қиынға соғып жүр. Сондықтан мен аптасына 5 рет спортпен шұғылданып жүрмін. Маған интенсивті интервал сақтайтын жаттығулар ұнап жүр. Мысалы, 30 секунд жаттығу жасап, 30 секунд демаласың», — дейді 53 жастағы әйел.

Өткен жылы Трейси Белинда гормональді терапияның орнын алмастыратын ем қабылдапты. Бұл туралы ол ұлыбританиялық тележүргізушіден біліпті.

«Тележүргізуші оны өз сұқбатында айтты. Бұл емді мен де қабылдадым. Бір аптадан соң, өзімді қуатты сезіндім. Жасым 30-да сияқты», — деді Беркшир графтығының тұрғыны.



sputniknews.kz