Реферат: ЭКОЛОГИЯ және ТАБИҒАТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ » ZHARAR

0

Экология туралы мағлұмат.
Алғашқы экологиялық зерттеулерінің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат құрылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық бейімдеушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелділік шеңберінде экологиялық тұрғыдан қарастырады.
«ЭКОЛОГИЯ» терминін ғылымға 1866 ж.. неміс ғалымы Э.Геккель енгізді.Геккель ұлы ғылымды былай тұжырымдайды: «Экология деп біз табиғат экономикасына қатысты барлық бөлімдерді- жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қатыстық жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығының зерттеулерін түсінеміз.
Қазіргі кезде экология кең, әлі толық қалыптасып бітпеген іргелі және қолданбалы комплексіне айналып отыр.Осы жайлы ғалымдардың ойлары:
Н.Ф.Реймерс (1992 ж) «Үлкен экология» еңбегінде «Қазіргі жағдайда экология қазіргі заманғы кең мағынада алғанда биоэкологиялық шеңберінен шықты. Ол қоғамдығы мен ішкі мазмұны бойынша жер туралы физика-математикалық, химия-биологиялық және қоғамдық ғылымдар цикліне тең келетін білімдер цикліне айналды.»-деп жазған.
Ю.Одум: «Экология-табиғат пен қоғамдағы көп деңгейлі жүйелердің құрылысы мен тіршілік қызметі және олардың өзара байланысы туралы пәнаралық білімдер саласы.»-деп айтқан.
Н.А.Воронков: «Қазіргі заманғы экологияны ағзалардың,соның ішінде адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсерінің шекті дәрежесін, осы әсерлерді кеміту немесе олардың толық нейтралдау мүмкіндіктерін және олардың ауқымын анықтай отырып зерттеулер мен айналысатын ғылым ретінде қарастыру қажет.
Стратегиялық тұрғыдан алған экология адамзаттың өзінің тіршілігін сақтауы және экологиялық дағдарыстан шығуы туралы ғылым.»
Ф.Дре: «Экология- болашақтың ғылымы, себебі адамның біздің планетамызда өмір сүруінің өзі прогресімен анықталуы мүмкін.»
А.К.Бродский: «Тек биологиялық жүйелер экологияда ғана классикалық экологияның міндеттері мен функциясы сақталды.»
Р.Риклефст: «Егер біз табиғатпен қандай да бір келісімге келгіміз келсе, онда көптеген жағдайда біз оның талаптарын орындауға тиіспіз.»
Энергетикалық проблемалар.

МҰНАЙ.Қазіргі кезде ең маңызды энергетика.Жақсы дамыған елдерде мұнайды 60 %, ал дамып келе жатқан елдерде 40 % пайдаланады.Қазақстанның жер қыртысы мұнайға бай.Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна.Арал маңында да мұнай қоры табылған.Алдын ала жасалған есептеулер бойынша осы жерде 350 млн. тонна мұнай бар.

Жағымды жағы:бір қалыпты бағасына қарамастан мұнай арзан отын болып қалады және оны жеңіл транспорттауға болады.
Жағымсыз жағы:мұнайды қолданғанда атмосфераны ластайтын және бүкіл дүние жүзілік экологиялық проблемаға әкеліп соғатын заттар бөлініп шығады.

ГАЗ.Табиғи газ.Ресей газды алудағы ең ұлы мемлекет.Иран 14 %, А.Қ.Ш. 6 %.Қазақстанның жер қыртысы табиғи газдарға бай.Қарашығанақ кен орнындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб метрді құрайды.Арал маңында газдың үлкен қоры табылған.Алдын ала жасалған есептеулер бойынша 100 млрд. газ бар.

Жағымды жағы: газды пайдаланғанда жылу көп бөлінеді және басқаларға қарағанда ауаны ластамайды.Бензин, мұнай,көмірге қарағанда 6 есе аз диоксид бөліп шығарады.Оны автобустың дизельді двигателінде,жүк машинада қолдануға болады және қазіргі кезге дейін табиғи газдың бағасы төмен.
Жағымсыз жағы:газды транспорттау үшін оны сұйық түрге келтіру керек.Оны тиеген жерде үлкен жарылыс болуы мүмкін.Одан адамдардың қаза болуы мүмкін.

КӨМІР.Дүние жүзінде кең таралған.Ең бастысы атмосфераны ластайды.26%көмірқышқылын атмосфераға таратады.

Жағымды жағы:Электроэнергияның арзан түрі.
Жағымсыз жағы:көмірді пайдаланған кезде, ол ауаны ласт
Табиғат қорғаудың экологиялық негіздері.
Табиғат- адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы.Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын осыдан алады.Биологиялық түр ретінде алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы түрінде пайдаланып келеді.Бірте келе, саналы түрде үй шаруашылығымен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін қолға үйретті.
Табиғат қорғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, сол сияқты бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.
Табиғат қорғаудағы негізгі мақсат- оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа жеткізу.Ол үшін біз табиғат қорларын жете білуіміз керек.
Өркениетті елдер сияқты біздің республикамызда да табиғат қорғауға көп көңіл бөлініп отыр.1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы заң» қабылданды.Заңның негізгі мақсаты еліміздің табиғатын қорғау мен оның байлығын халық қазынасы ретінде болашақ ұрпақтардың салтанатты өмір сүру үшін сақтау.
Табиғат қорғау заңын орындау негізгі ұстанымдар мен ережелеріне негізделген.
Табиғат қорғаудың бірінші ұстанымы.Табиғат байлықтарын пайдалануды тұтынушылардың мақсатын ескере отырып жүзеге асыру.Мысалы:орман тек құрылыс материалы емес, ол ауа райын реттеуші, ылғал көзі, дәрі-дәрмек, аң мен құс мекені, топырақты қорғаушы және адам үшін денсаулық кепілі екенін ескеру қажет.
Табиғат қорғаудың екінші ұстанымы.Табиғат байлықтарын пайдалану барысында оның жергілікті жер үшін маңызы мен қорын қатаң есепке алу.Бұл әсіресе орман, су қоры үшін қажет.Мысалы: Әмудария мен Сырдария өзендерін ауылшаруашылығына барынша пайдалану. Оның Арал теңізі үшін маңызы ескерілмеді.Нәтижесінде Арал теңізінің біржола құрып кету қауіпі төніп тұр.
Табиғат қорғаудың үшінші ұстанымы.Табиғат қорларын пайдаланғанда олардың бір- бірімен байланысты екендігін есте сақтау керек.Яғни, табиғаттың тарихи- табиғи байланысы, тепе-теңдік процесін бұзбау деген сөз.Мысалы:Семей өңіріндегі Шыңғыстау ормандарының құрылыс үшін кесілуі- осы өңірді аң- құсы мен шұрайлы жайылымынан айырылды.

Биологиялық күресу әдісі
Адам үшін қажетсіз түрлердің санын реттеудің биологиялық әдістері биология мен экологияны білуді талап етеді.Биологиялық агент ретінде антагонист- ағзалар немесе олардың тіршілік өкілдері, экожүйелерге және алынатын өнімге зиян тигізбейтін кейбір заттар мен агротехникалық шаралар қолданылады.
А.В. Яблоков (1990ж.) ағзалардың санын реттеудің биологиялық және басқада жүйесін ұсынды.Мысылы:
1 Зиянды түрлердің жыртқыштары мен паразиттері, олардың қолдан өсіру және экожүйеге енгізу.Оларға жұмыртқалар, паразитбунақленелілер, ызылдауықтар, қансыз және т.б. жатады.Дүние жүзінде қазір шамамен 300-ге жуық антогонист- ағзалардың түрлері өсіріледі.
2 Вирустық және бактериалдық препараттар.Мұндай препараттардың үлесі зиянды түрлермен күресудің биологиялық құралдарының шамамен 10 % құрайды.
3 Популяцияға ұрпақ бермейтін немесе ұрпағына өміршең емес қатарлар беретін даралар енгізу.Қазір осы генетикалық әдіс кеңінен қолданылып келеді.
4 Жануарлардың белгілі бір даму кезеңдерін үзу немесе қорыту мен өзіне көңіл аударатын табиғи заттарды қолдану не оларға ұқсас заттарды қолдан жасау.Бұл заттарды ферромондар деп атайды.Әсіресе, ферромондардың бір тобы- жыныстық аттрактанттар кеңінен қолданылып келеді.
5 Тек белгілі бір өсімдік түрлерімен ғана қоректенетін жануарлар.Егер мұндай өсімдік арамшөп болса, онда жануарлар оларды жояды да, ауыл шаруашылық дақылдарына тимейді.
6 Табиғи пестицидтер.Мұндай препараттарға темекінің сөлі, ұнтағы, қызан, сарымсақ, түймедағы және т.б. жатады.
7 Пестицидтік қасиеті бар препараттар. Мысалы:бунақденелілермен «диатомды топырақпен» күресу әдісі белгілі.
8 Белгілі бір зиянкестерге тұрақты қолтұқымдарды шығарудың селекциялық әдістері.Мысалы:томаттың тұрақтылығын оның геномына зиянкес бунақденелілерінің жұлдызқұрттарын өлтіруге қабілетті ақуыз синтездейтін бактериалдық генді енгізу.
9 Интеграцияланған әдістер.Химиялық препараттарды қолдануды мүмкіндігінше кеміте отырып, биологиялық, агротехникалық және селекциялық әдістерді үйлесімді түрде қолдану.
Экологиялық әдістерінің бірі ландшафтардың оптимизациясы. Мысалы:ауыл шаруашылық талаптарын орман экожүйесімен, орман белдеуімен кезектестіру.
Зиянкестермен экологиялық күресу әдістері- ең алдымен экожүйелердің тіршілік ету заңдылықтарын, оларға кіретін ағзалардың биологиясын терең білуге негізделген. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com