Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды

0
Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды


Ауа райының қолайсыздығына байланысты сенбінің кешінен бастап Астана мен бес облыста жолдар жабылды.

Қар аралас жаңбыр, көктайғақ пен ұйытқыған желге байланысты Астанадан Қарағанды, Қорғалжың мен Қабанбай батыр ауылы, Павлодар, Көкшетау бағытына қатынайтын автокөлік жолдары жабық тұр деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек кеше сағат 18:00-де Павлодар облысында республикалық және облыстық мәндегі бірқатар жолдар жабылғаны хабарланды. Сонымен қатар, «Алматы — Өскемен» (79-615 шақырымы) және «Сарыөзек — Көктал» (15-65 шақырымы) бағытындағы жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылған.

Жамбыл облысында «Алматы — Ташкент — Термез» автокөлік жолының Айша бибі ауылынан Түркістан облысы шекарасына дейінгі және Жамбыл облысы шекарасынан Жаскешу ауылына дейінгі бөлігі жабылған. Сонымен бірге Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы кей жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілген.

Дереккөз: Baq.kz