Лукашенконың Қазақстанға ресми сапармен қашан келетіні белгілі болды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Александр Лукашенко Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен екі елдің сауда-экономикалық байланысын кеңейту мәселесін талқылайды. Бұған қоса, Беларусь елшілігінің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан — Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко 24-25 қазанда Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Беларусь республикасы басшысының ресми сайты.

Лукашенко Нұр-Сұлтан қаласында қазақстандық әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер өткізеді.

Екі елдің басшылары шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуде мемлекетаралық қарым-қатынасты дамыту мәселесін талқылайды. Олар сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге басымдық бермек.

Президенттер өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, экономиканың түрлі саласында, оның ішінде ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, мұнай-химия кешені, жоғары технологиялар саласында ынтымақтастықты кеңейту келешегін қарастырады.

Тағы оқыңыз: Лукашенко басқа елдер ЕАЭО-мен ынтымақтасудан неге қорқатынын айтты

Бұған қоса, тараптар интеграциялық бірлестіктер аясында және халықаралық алаңдарда ынтымақтастықты, өңірлік және әлемдік күн тәртібін талқыламақ. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар екіжақты келісімге қол қойылады.

Бұл күндері Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Беларусь бизнес-форумы өтеді. Қазақстан астанасында Беларусь дипмиссиясы жаңа ғимараттар кешенінің ашылуы да жоспарланып отыр.



sputniknews.kz