Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Д әрпі бойынша ат қою) » ZHARAR
ДАБЫС – атақ, даңқ, дауыс, үн.
ДАДАБАЙ — иран тілінен алынған дадо – ата, әке + қазақ тілінен алынған бай. Еркелете қысқартып айтылатын тұлғалары — Дадай, Дадеш.
ДАЙРАБАЙ — дайра қазіргі тіліміздегі дария сөзінің диалектілік формасы. Синонимі — Тенізбай.
ДАЙЫН — әрқашан әзір. Біріккен тұлғалы есім — Дайынбай.
ДАЙЫР — араб тілінен алынған бұл есімнің маңызы екі түрі: төңірек; қайталанатын. Біріккен тұлғалы есімдер — Дайырбек, Дайырман.
ДАЛЕР — тәжік тілінен алынған — батыл, ержүрек.
ДАМЫЛ — тыныштық, бейбітшілік.
ДАНАЙ — иран тілінен алынған данаш — білім, ілімгерлік; даналык. Біріккен тұлғалы есім — Данайбек.
ДАНАЛЫҚ — иран тілінен — білімділік, данышпандық.
ДАНЕШ — иран тілінен — білім, ғылым.
ДАНИЯЛ — араб тілінен — тәңір сыйы.
ДАНИЯР — иран тілінен — жақын, таныс.
ДАНЫШПАН — араб тілінен — ойшыл, дана.
ДАНДАЙ — ұлы, зор.
ДАРАС — жеке, айрықша
ДАРХАН — көне түркі тілінен тархан, тархат. Көне тұркі жазба ескерткіштерінде атақ, дәреже ретінде кездеседі. Махмұд Қашқари, Абұлғазы Бахадұр енбектерінде мағынасы 9 түрлі кінадан босатып, ерік, кеңшілік берілген, хан ордасына еркін кіріп шыға алатын және бұл ерік 9 атасына дейін кететін адам. Біріккен тұлғалы есімдер — Дарханбай, Дәркенбай.
ДАРЫН — қазақ тілінен — талант, кабілет.
ДАСТАН — иран тілінен алынған батырлық хисса, поэма, ертегі аңыз. Біріккен тұлғалы есім — Дастанбек.
ДАУЫЛБАЙ — дауыл күні туған балаға ертеде осындай ат қойылған.
ДӘЛБЕК — бектің, мықтының нағыз деген мағыналы есім.
ДӘМЕН — араб тілінен — жылдам, тез; күшті, берік.
ДӘРМЕН — иран тілінен — күш-қуат, қайрат. Еркелету түрі — Дәріш.
ДӘУБЕК — үлкен, күшті деген мағыналы есім.
ДӘУЛЕН — үлкен болу, есею. Біріккен тұлғалы есім — Дәуленхан.
ДӘУЛЕТ — араб тілінен — байлық, бақыт; мемлекет, держава, империя.
ДӘУЛЕТБАЙ — дәулетті, ауқатты.
ДӘУЛЕТБАҚ — араб тілінен алынған дәулет + бақыт сөздерінің қосылуынан жасалған есім. Бақдәулеті мол, бай (болсын деген тілекпен қойған. Біріккен тұлғалы есімдер — Дәулетбек, Дәулетияр, Дәулетқали, Дәулетәлі.
ДӘУЛЕТКЕЛДІ — араб тілінен алынған дәулет — байлык, бақыт. Яғни бала ата-анаға байлық, ырыс боп туды, бақытты болды деген мағынаны береді.
ДӘУЛЕТШЕ — араб тілінен алынған дәулет + иран тілінен алынған ше,шах сөзінің қысқаша формасы. Демек, байлық патшасы, дәулет, байлық иесі.
ДӘУРЕН — араб тілінен — уақыт, дәуір. Біріккен тұлғалы есім — Дәуренбек.
ДӘУІР — араб тілінен алынған — доур — кезең, цикл.
ДӘУІРБЕК – өз заманының, дәуірінің мықтысы деген мәндегі есім.
ДӘУІТ — көне еврей тілінен алынған сүйікті, сүйген, ғашық болған. Біріккен тұлғалы есім — Дауітәлі.
ДЕГДАР — иран тілінен алынған дәһдар — бастық, ел басқарушы.
ДЕМЕЖАН – қазақ есімі деме + жан. Демеуші, жәрдем беруші адам деген мәндегі есім.
ДЕМЕСІН — баланың өмірде тірегі, жәрдемшісі болсын деген тілекпен қойылған.
ДЕМЕУ — қазақ тілінен алынған қолдау, сүйеу, көмек көрсету.
ДЕРБІСӘЛІ — араб тілінен алынған — Ғалидың құлы, қызметшісі деген мәндегі есім. Иран тілінде —дербиш есік алдында жүрген кембағал адам, мүсәпір кісі.
ДИАС – испан тілінен алынған — күн, күндіз. Испания кетерілісшілерінің көрнекті басшысы Хосе Диас күрметіне 1936 ж. қойылған есім.
ДИБАЙ — иран тілінен алынған диһ, дег, ди — ауыл, дала + бай, яғни ауыл, дала байы деген мағыналы есім.
ДИДАР — иран тілінен алынған — жүз, келбет, бейне.
ДИДАРБЕК — иран тілінен алынған — аса келбетті, көрікті адам деген мағыналы есім.
ДИҚАНБАЙ – тәжік тілінен алынған диһан — шаруа, егінші, жер айдаушы + бай.
ДИЯР — араб тілінен — ел, облыс, аймақ.
ДИЯРБЕК — араб тілінен алынған — елдің, аймақтың әкімі, басшысы.
ДОДАБАЙ — иран тілінен алынған додо — үйілген, жиылған; жиын, көпшілік + қазақтың сөзі бай.
ДОДАН — үлкен, зор.
ДОЙМАН — қазақ тілінен алынған дой — үлкен, ірі, кесек, мықты, азулы, атақты + иран тілінен алынғанман — адам. Демек, ірі тұлғалы, мықты адам дегенді аңғарады.
ДОС — иран тілінен алынған дуст — жан жолдас, серік, жар. Дос сөзі құрамында келетін кісі аттары — Досан, Досжан, Доскей т. б. Еркелете қысқартып айту түрі — Достай, Ештай.
ДОСАЙ — (қараңыз: Айдос).
ДОСАҚ — араб тілінен алынған дос + қазақ сөзі ақ. Нағыз дос.
ДОСӘЛІ — араб тілінен алынған дос + араб тілінен алынған Ғали, Ғалидың досы деген мағынаны береді.
ДОСБАЙ — досқа кең, бай адам деген мағынада.
ДОСБОЛ — (қараңыз: Жарбол).
ДОСБЕРГЕН — араб тілінен алынған дос ниетіне туылған бала деген мағыналы есім.
ДОСЖАН — адал, таза адам.
ДОСМАТ , ДОСМҰҚАН — иран және араб тілдерінен алынған. Досмұхамбет есімінің қысқарған түрі. Мұхамбеттің досы деген мағынаны білдіреді. Синонимдері — Ешмұхамбет, Есмұхамбет.
ДОСЫМ — жан серігім, жолдасым.
ДОСЫМБЕК — досы көп адам.
ДОСЫМЖАН — менің жан досым деген мағынадағы есім.
ДОЯН — (қараңыз: Ноян).
ДӨНЕНБАЙ — моңғол тілінен алынған доно — төрт жасар өғіз, дөнен — төрт жасар жылқы + бай. Еркелетіп айтылатын. Түрі — Дөнентай.
ДУАНБАЙ — иран тілінен алынған диуан — қала, кент; белгілі бір аймақ, өлке. Қаланың немесе үлкен аймақтың әлді, бай адамы деген мағынаны білдіреді.
ДУБАЙ — атақ-данқы ассын деген тілекпен қойылған есім.
ДУДАР — бұйра шаш; шашы бұйра балаларға осындай есім қойылған.
ДУМАН — бала өмірі қуанышқа толы, көңілді, сауық-сайранды бөлсын деген тілекпен қойылған есім.
ДҮЙМАҒАМБЕТ — иран тілінен алынған ду — екі + араб тілінен алынған Мохаммед, бұл есімнің синонимі Қосмұқамбет. Қос сөзі екі деген мағынаны білдіреді.
ДҮЙСЕН — иран тілінен алынған ду — екі, сейсенбі, шамбә күн. Әуел баста аптаның бірінші күні туған балаға осылай ат қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Дұйсенбай, Дұйсенғали, Дұйсехан, Дүйсекей. Еркелетіп айту түрі — Дүйсек.
ДІЛДАБАЙ — иран және араб тілдерінен алынған тилла — алтын ақша, таза алтын. Ақшаға бай болсын деп қойылған есім.
ДІЛДАБЕК — иран тілінен — алтын ақшаның иесі болсын деп қойылған. Синонимі — Ділдахан.
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com