Шаңғышылар әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысады
Фото: Openski
Астана, BAQ.KZ. Шаңғыдан Финляндияда өтетін әлем кубогының бірінші кезеңіне Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 11 шаңғышы қатысады.
Әлем кубогында Қазақстан атынан Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Виталий Пухкало, Денис Волотка, Константин Борцов, Әсет Дүйсенов, Анна Шевченко, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Эльмира Мутагарова және Ксения Шалыгина бақ сынайды.
Жылдағы дәстүр бойынша әлем кубогының алғашқы кезеңі Финлядияның солтүстік-шығысындағы Рука қаласында өтеді. 24-25 қараша күні атлеттер екі қашықтықта сынға түседі.
Айта кестек, қазіргі таңда ұлттық құрама команданың 14 мүшесі Финляндияда оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ