Ұлттық ойын: Жүзік тастау » ZHARAR
Жузік тастау — қыздар мен бозбалалар ойыны. Үйде де, далада да, көбігнесе, кешке қарай ойнала береді. Қатысушылар саны шектелмейді. Біргіші турі. Ойынға қатысушылар дөңгелене отырып, жаюлы алақандары- тізелерінің үстіне қояды. Апақанында сақинасы бар бастаушы ортаға шығып, әркімге: қол беріп амандасқан бола журіп, сақинаны білдірмей біреудің алақанына салып кетіп:. Қолына сақина киген кici өзін-өзі сабырлы ұстап, ешкімге білдірмеуге тырысады. Сосын бастаушы ортадағы өз орнына барып «Жузігімді бер!» деп дауыстайды. Сол сәтте: жузігі бар кici: «Менде!» —ден үн қатып, екi жағы нда отырған көршілеріне ұстатпастан, шапшаң атып тұрып, ортаға жетіп баруға тиісті. Егер көршілері оны ұстай алмай қалса:. бастаушы айыпқа тартады, ал ұсталып қалса, ол айып жазасын өтейді. Барлық рәсімдер орындалып болған соң ойын одан арықарай жалғастырылады. Енді ойынды бастаушы немесе айып төлемеген ойыншы жургiзедi. Екінші түрі. Жүзікті біреудің қолына салған бастаушы күн iлгepi таңдап қойы лған «тапқышты» ортаға шақырып, сақинаның кімде екенін табуын сұрайды. «Тапқыш» ойыншыларды аралай жүріп, олардын бет-әлпетіне, қимыл-әрекетіне карап, кез келген сезікті адамның алақаның ашқызуға хақілі. Егер ол жүзік иесін дәл тапса, сол кісі айып төлейді, ал шатасып қалса, «тапқыштың» өзі айып тартады.
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com