Сириядан қайтарылған 14 адамға бірнеше айып тағылды
Қысқа сілтеме алу
«Жусан» операциясы аясында Сириядан 595 Қазақстан азаматы қайтарылды, оның ішінде төрт жүзден астамы балалар
НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан — Sputnik. 14 қазақстандыққа террористік әрекетке қатысты және терроризмді насихаттады деген айып тағылды. Олар Сирияда ДАИШ*-тың бір жасағында болған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге мемлекеттік органдар және шетелдік серіктестерімен бірлесіп, «Жусан» операциясы аясында Сириядан 595 Қазақстан азаматын қайтарған, оның ішінде төрт жүзден астамы -балалар.
«Елге келген адамдардың ішінде 10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ* халықаралық террористік ұйымына қатысу фактісі бойынша әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек, Сирияда ДАИШ-тың бір жасағында болған тағы 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.
Оларға террористік әрекетке қатысты, оған адамдарды тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылып отыр.
Қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына берілді.
*ДАИШ, ИГ (Ислам мемлекеті) – Қазақстан, Ресей және басқа мемлекеттерде тыйым салынған террористік ұйымдар
sputniknews.kz