Жасөспірім жастар жайында ата-аналар не білу керек?

0
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді.

Жасөспірім жастар жайында ата-аналар не білу керек?Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.
Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.
Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешенің, үй ішіндегі үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартатындар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.
Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.
Жасөспірімдік жас – сындарлы жастық кезең. Осы кезеңде адам өзінің ішкі жан дүниесіне алғаш рет үңіліп, онда болып жатқан өзгерістерді түсіне бастайды, алайда өзгерістердің себептері түсінікті бола бермейді. Сондықтан да сізге жасөспірімдік жас дағдарысының физиологиялық және психология-лық мәнін сезіне отырып, балаңызға қолдау мен көмек көрсетуге тура келеді.
11-13 жасқа дейін балаға сыртқы орта маңызды рөл ойнайды. Ол сыртқы ортамен үлкен қызығушылықпен танысады, өзінің қиялы мен эмоциясын қосады. Ал жасөспірімдік дағдарыс кезеңінде бала өзінің жан-дүниесіне назар аудара бастайды, іштегі толқуларына қызығушылықпен қарап, айналасындағы адамдар арасында өз дәрежесі мен өзінің бірегей болмысын білгісі келеді.
Жасөспірімдік жастағы бала қанында үлкен көлемде өсу мен жыныстық гормондар бөліне бастайды. Соның нәтижесінде баланың бойы мен салмағы артып, жыныстық жетілу, көңіл-күйінде өзгерістер байқалады.
Жасөспірімдік жас дағдарысы процесінде көп кездесетін физиологиялық және психологиялық өзгерістер мынадай нәтижелерге әкеледі:

* өз бет-әлпетіне деген қызығушылық;
* тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылу;
* құрбыларымен топтасу;
* жыныстық қатынас пен жыныстар арасындағы қарым-қатынасқа деген жоғары қызығушылық;
* жалғызсырау;
* өзінің жеке кеңістігіне деген қажеттілік және оны қызғану;
* кесіп айту, үзілді-кесілді пікір;
* қаталдық көрсету арқылы ренжу.
Жасөспірім болып жатқан оқиғаларды, қоғам және ата-ана талаптарын қалыптасқан санасы арқылы өткізеді. Бала бір нәрсемен айналысып жатқан кезде оны басқа нәрсемен айналысуға мәжбүрлеу еш нәтиже бермейді. Баланы ынталандыру керек. Түсіндіру кезінде қажетті сөздерді тауып қолдану керек. Ашу кезінде айтылып қалған қатал сөздер – реніш, түсініспеушілік ешқандай нәтиже бермейді. Ата-аналарды тыныштанды-ратын әңгімелесу ғана емес, іс-әрекет те маңызға ие екенін ұмытпау қажет. Ол арқылы бала тұлға ретінде қалыптасады.
Әр ата-ана баласының өз теңін тауып, отбасы бақытына бөленуін армандайды. Алайда оны тек қалау аз. Бала үйде болып жатқан оқиғаларды санасына құйып отырады. Үйдегі қарым-қатынас оның болашағындағы өмірінің үлгісі ретінде қабылдануы керек. Отбасындағы қарым-қатынастар – ол баланың болашақтағы, ересек өміріндегі тәртібі. Бірқалыпты қарым-қатынас, махаббат арқа қағу мен бет сүюмен ғана емес, бір-біріне деген сыйластық, қолдау арқылы болатынын түсіндіру қажет. Бала жыныс арасындағы қарым-қатынастар туралы ойланған кезде, тек сексуальдық қызығушылықтардан бөлек, оған түсіністік және сүйіспеншілік негіздерін түсіндіруіңіз керек. Төсек қатынасы туралы әңгіме уақытында, егжей-тегжейсіз әрі құпиясыз айтылу керек. Сенімді диалог құрып, физиологиялық сұрақтарды түсіндіру керек.
Жасөспірімдік жас – барлық салаға өзгерістер әкелумен қатар, денсаулықта да өзгерістер байқалады. Балада физиологиялық, психологиялық өзгерістер орын алады. Осы мәселелер бәрі түйінді пробелмаға айналады. Бала үшін ол – ауыр жүк. Алайда жасөспірім осы кезеңнің сынақ уақыты екенін әлі сезбейді. Әлеуметтанушылардың зерттеулері бойынша, әр оныншы бала осы кезеңде өзі-өзіне қол жұмсау туралы ойланады екен. Әр бесіншісі мынадай сөз айтады: «Ештеңе де жақсы емес, үмітім үзілген, жылай бергім келе береді». Жалғызсырау сезімі оларға қорқыныш ұялатады. Ересек өмірге өтуді бақылап, оған жауапкершілікпен қарау керек. Беттегі бөртпелер және майланған шаш (май және жыныстық бездердің көптеп бөлінуінен) жағдайды қиындата түседі. Қыздар мен ұлдарда жыныстық жетілу мен түрлі эмоциялардың орын алуы өмірді жаңашылдықпен толтырады.
Сезім қабілеті де ерекше дами бастайды. Осы кезеңде бала бір нәрсемен айналысуды бастайды. Баланың осы қызығушылығын қолдау керек. Сезімдер даму керек. Ол қиын да күрделі қаншама түндерді жылаумен өткізуі мүмкін, алайда бұл эмоцияларсыз адам тұлға ретінде қалыптаса алмайды. Эмоциялық адам, өзгелерге де қызықсыз әрі тартымсыз болады.
Жасөспірім өмірінде оның мектептегі ұжымы, оның достары, жасөспірімдік жастың соңғы кезеңінде ортасы үлкен рөл атқарады. Ата-анамен қарым-қатынасы жақсы орныққан болса да, олар достарды алмастыра алмайды. Бұл баланың ересек өмірдегі шынайы, реніштер мен қуаныштардың алғашқы тәжірибесі. Балалар оның басымдықтарын достары арқасында қалыптастырады.
Балаға ұжыммен араласуға көмектесу керек, ол үшін маңызды сұрақтарын тыңдап, оның мәселесін шешуде көмектесу керек.

Жасөспірімнің «жауына» айналмас үшін онымен қарым-қатынасыңыз қандай болу керек?

1. Жасөспірім қарым-қатынасында ең маңыздысы – «ойнамау», жағдай мен көңіл-күйге байланысты өзгеруге икемділігіңізді көрсетуіңіз керек, баланың пікіріне құлақ асу, оның тұлғасын құрметтеу керек.
2. Ата-аналардың бұйрық беріп, жетекшілік жасау уақыты әлдеқашан өтіп кетті. Сондықтан балаңызға айғайлап ұрысқаннан еш нәтиже шықпайды. Сіз жеңіліске ұшырайсыз. Оның орнына өзіңізді ұстамды, дәрежелі көрсетіп, нақты ісіңізбен ғана қарым-қатынасты орната аласыз.
3. Жасөспірімдік жастың бір ерекшелігі – өз ісінің дұрыстығын дәлелдеу болып табылады. Оны түсіну қиын, алайда балаңызбен бірге тәуекелге бел байлауға тура келеді. Осылайша оған біршама жақын болып, өзіңіздің тапқырлығыңызды көрсетесіз.
4. Әзіл мен оптимистік сезімді ұмытпаған дұрыс. Жасөспірім басынан өткен оқиғаның бәрінде трагедияның үлесі бар деп ойлайды. Сондықтан бұл жерде сіздің тарапыңыздан әзілдеу көмекке келеді. Алайда баланың сезіміне күлудің еш қажеті жоқ, әзіл сол қалыптасқан жағдайдың өзіне бағытталуы керек.