Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ойға шақыру) » ZHARAR

0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ойға шақыру) казакша Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ойға шақыру) на казахском языке

Ұқтым заман парқын мен:
адамы жез таңдайлы,
ісі жоқ та, ал тілмен
мінбе тисе сарнайды.
Балаушы едім сыйлы ерге
ұғар деп ел қайғысын
титтей билік тигенге
кердеңдейді байғұсың.
Ойлыға айыл жинамай
әкімдер-ақ қинайды,
сыйлағанды сыйламай,
қорқытқанды сыйлайды.
Ас берсең де, аш қарға
қан көрмесе, қонбайды.
Қос-қос үкі тақсаң да,
жабы жорға болмайды.
Оясы жоқ бетсізге
ақыл айтқан жақ сорлы.
Көргені жоқ тексізге
мінбе болған тақ сорлы.
Аспан ашық, күн жылы –
тамыр тартпас жер сорлы.
Патшасының мылжыңы
мезі қылған ел сорлы.
Сауысқанды тотыға
ханым еткен жер сорлы.
Елдің намыс отына
өртенгендер – ең сорлы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com