Курстық жұмыс: Информатика | Коммерциялық банктің автоматтандырылған анықтамасы » ZHARAR
[quote]
Мазмұны
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
1. Негізгі бөлімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
2. Есептің берілгені . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
2.1 Есептің алгоритмі . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
3. Программаның жазылуы. . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10
4. Енгізілген мәліметтер және шыққан нәтиже. . . . .. . . . . . . . . . . .12
Қорытынды. . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . …………13
Қолданылған әдебиеттер. . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .14
1. Негізгі бөлімі
Бұрын банк өзінің кешенді автоматтандыру жүйесін құрған кезде тек бес-алты адам ғана бөлетен болған. Ал бүгінгі күнде фирма 100-ден аса маманнан тұратын топқа қомақты қаржы жұмсайды, оларға ең бастысы программаның бағасы емес, сапасы.
90-жылдардың соңында банкті автоматтандыру кешенінің өнімін аз қолданатын еді. Міне дәл осы жылдарда қарапайым программалар пайда бола бастады. Олар сенімділік жағынан өте пайдасыз болғанымен де қызмет көрсету жағы сол кезде жоғары деңгейге жатқызылатын еді. Алайда автоматтандырылған программа банктің жұмысын айтарлықтай жеңілдететін болғандықтан олар программаны өздеріне тиімді болу жағына баса мән беріп, жаңа өнімдерді өздері программистерді жалдап құра бастады.
Ең өкініштісі технологиялық жоспарда құрылымның артта қалып қоюы банктық бизнесте Ақпараттық жүйелердің дамуын бәсеңдетті. Бүгінгі күннің өзінде кейбір банктер FOXPRO-да жасалған сапасы нашар программаларды қолданып отыр, бұл жағдайда олардың жұмыстарының көбісі қолмен іске асады.
Алайда банктердің көбеюіне байланысты олардың арасындағы бәсеке өсті және программалық қамтамаға қолданушылардың да талаптарының деңгейі көтерілді. Банктік өнім деген атаудың орнына автоматтандырылған деректер базасы деген ұғым қалыптасты. Қолданушылар осы кезде нарыққа ескіден құтылу жолын көрсетуін талап етті, алайда жауап болмады. Міне, енді банктердің өздері «келешектері үшін» күрестерін бастады. Банктің АТ менеджерлері UNIX, «клиент-сервер» және т.б. жаңа атауларды жиі айтатын болды, банктер бар күшімен жаңа сапалы өнім алуға талпынды. Қажетті нәтижеге жету көбісінің қолынан келмеді. Неліктен? Себебі кәсіби ДҚБЖ негізінде банктің іс-әрекетін автоматтандырылуын қамтамасыз ету үшін банктің штабында тек осы жұмыспен ғана шұғылданатын ондаған талдаушылар, жобалаушылар, прогаммистер болуы керек. Сонымен қатар басқа өндіріс салаларымен байланысты ресурстар тартылады.
Банктің іс-әрекетін автоматтандырудың тиімділігі – күрделі сандармен жұмыс жасаған кезде адамның қателесуі аз болады. Клиентке банктің қызмет көрсетуінің сапасы да жоғары және оған кететін уақыт та аз болады. Банктің ақпараттық және басқа да технолгияларын автоматтандыру стратегиялық тапсырманы шешудің бірден бір жолы. Клиенттерге қызмет көрсетуді автоматтандыру банктер арасындағы бәсекелестік қабілетінің өсуіне әсер етеді. Жалпы біздің өміріміздегі күнделікті пайдаланатын карточкалық жүйенің өзі автоматтандырылған қамтама болып табылады.
2. Есептің берілгені
Коммерциялық банктердің автоматтандырылған анықтамалығын құру. Ондағы берілетін мәліметтер келесідей: банктің аты, адресі, меншік түрі, салымның жылдық пайызы. Салымның пайызы ең жоғары болып табылатын банкті шығару.
Бұл есепті шығару үшін Turbo Pascal тілін қолданамыз. Өзіміздің деңгейімізге сай программалық қамтама жасау үшін жазбаны қолданамыз. Бұл программаның тиімділігі – банктердің тізімінің арасынан тез арада керекті банкті тауып алу.
Берілген тапсырманы орындау үшін Turbo Рascal тілін пайдаланамыз. Қандай да бір объектіге қатысты программаларда әртүрлі мәліметтерді жинақтап қарастыру жиі кездеседі. Осы есептегі енгізілетін мәліметтер де әртүрлі, мысалы банктің атауы символдардан құралған сөз, ал банктік салымның пайызы сандардан құралған. Мәліметтердің мұндай түрлері үшін Turbo Pascal тілінде арнайы типтер тағайындалған. Бірнеше типті мәліметтерді пайдалану үшін аралас типті мәліметтер қолданылады. Бұл типті Паскаль тілінде жазба деп атайды. Біз қарастыратын есепті шешу үшін осы жазба пайдаланылған. Жазбаның автоматтандыруға өте қолайлы екендігін есепті шығару барысында көруімізге болады.
2.1. Программаның алгоритмі
Zapis программасын қарастырайық. Бұл программада банктің салымдарының ең жоғарғы пайызын табу керек. Бірінші жолда program өзекті сөзінен кейін Zapis программасының аты жазылған. Келесі жолда экранды тазалауға арналған crt модулін шақырамыз. Содан соң тұрақтыларды баяндау бөлімнде n индетификаторы 2 тұрақты санын сипаттап тұр. Программада жазба қолданылғандықтан type сипаттау бөлімі жазылады. Сипаттау бөлімі RECORD қызметші сөзінен басталып END қызметші сөзінен аяқталады. Бұл қызметші сөздердің араларына өрістің идентификаторлары келтіріледі. Олар: Naimen, Adr, For_sops – сәйкесінше банктің атауы, адресі, меншік түрі. Олар мәтіндік шама болғандықтан string түйінді сөзі арқылы беріледі. Ол 255 таңбаға дейінгі мәтіндік шаманың түрі болып саналады, яғни string дегеніміз, бұл мәтіндік шаманың тек осы 255 таңбадан құрауға болатындығын көрсетеді. Оған тиісті емес символдарды енгізсек қате болады. God_proc – банктің жылдық пайызы. Ол бүтін сан мәндеріне ие болғандықтан integer типімен сипатталады. Record және end қызметші сөздерінің арасында жалпы программада қолданылатын айнымалылар сипатталды. Программада пайдаланылатын көмекші идентификаторлар Var түйінді сөзінен кейін жазылған, яғни айнымалылар бөлімінде сипатталған. Біздегі банктер мен олардың салымдары әртүрлі болғандықтан оны массив түрінде аламыз. Мұндағы vklad – массив атауы, array [1..n] of bank дегеніміз, сәйкесінше массивті белгілеу, оның бастапқы және соңғы элементтерінің индекстерін көрсету, ал of bank – осы массивтің bank типті екенін баяндайды, яғни жазба типті массив. I – банктердің саны, ал j – ең үлкен пайызды анықтауға арналағн сұрыптауға қолданылатын идентификатор. I және j бүтін, нақты сандық шамалар болғандықтан integer типімен сипатталады.С– жазба типті айнымалы, оның типі bank, яғни соған тиісті барлық өрістер осы с-ға да тиісті. Программаның 12-ші жолынан бастап Begin негізгі бөлімі келтірілген. Программа басталды. CLRSCR түйінді сөзі арқылы экранды тазалап writelen шығару операторы көмегімен жақша ішіне жазылған ‘Dobro pozhalovat» my rady videt vas’ сөзін экранға шығарамыз және ‘VVod dannyh > ‘ сөзін де. For i:=1 to n do параметрлі қайталау операторы көмегімен 1-ші банктен бастап n-ші, яғни соңғы банкке дейін with операторы көмегімен банкке қатысты барлық мәліметтерді енгізе бастайды, яғни олардың атауы, адресі, меншік түрі, пайызы туралы ақпарат экранға шығарылады.
for i:=1 to n-1 do қайталама параметрлі циклын қолданып, барлық банктерді көмекші for j:=i+1 to n do қайталама параметрлі циклы арқылы банктің ең үлкен пайызын табуға әрекет жасаймыз. if егер түйінді сөзінен кейін банктің i-ші салымының пайызы j-шіден кіші шарты қойылады, яғни келесі түрде vklad[i].god_proc
Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com