Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегі кейіпкерлері (2-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім ) » ZHARAR

0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегі кейіпкерлері (2-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегі кейіпкерлері (2-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім ) на казахском языке

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні
Сабақ тақырыбы:Ертегі кейіпкерлері (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.4.2.1 оқыған/ аудио/ бейнематериалдар негізінде заттардың таныс атауларын жазу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен оқыған мәтін негізінде заттардың таныс атауларын жазады
Көптеген оқушылар оқыған мәтін негізінде заттардың таныс атауларын жазады
Кейбір оқушылар: оқыған мәтін негізінде заттардың таныс атауларын еркін жазады.
Сабақ барысы: (МК) Қызығушылықты ояту.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз.
Сабаққа зер салайық,
Бәрін ұғып алайық!
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.
(Ұ) «Дұрыс –бұрыс» ойыны
Оқушылар оқыған «Шалқан», «Бауырсақ», «Үйшік» ертегілері бойынша ақпаратты тыңдай отырып, дұрыс/бұрысын анықтайды.
• Шалқан кішкентай болып өседі.
• Мысық, күшік, немере «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлері.
• Шалқанды әже отырғызады.
• Үйшікке бірінші бақа келеді.
• Бақа, қоян, қасқыр үйшікте өмір сүреді.
• Үйшікті қасқыр сындырады.
• Сұр бақа үйшікке келеді.
• Бауырсақ түлкіні жеп қояды.
• Бауырсақ аюға ән айтады.
(Ж) «Мен білемін»
Берілген сөйлемдерді оқи отырып, кейіпкерлерге сәйкес келетін ақпаратты сәйкестендіреді. Өз жауаптарын түпнұсқамен тексереді.
Ол – кішкентай, жасыл түсті кейіпкер.
Ол қорқақ.
Ол ән айтады
Ол үйшікке сыймайды
Ол мысықты шақырады. …..


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com