Ресей мен Қырғызстан жылының бағдарламасы дайындалып жатыр
Ресей президенті өкілінің айтуынша, екіжақты жобалар мәдениет, ғылым, саясат және әскери-техникалық ынтымақтастық салаларына қатысты болады
НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. 2020 жылы өтетін Ресейдің Қырғызстандағы жылы мен Қырғызстанның Ресейдегі жылы үшін мазмұнды бағдарлама дайындалуда. Бұл туралы Ресей президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығына сапары кезінде толығырақ айтып берді.
«Келесі жылы Ресей мен Қырғызстанның алмасу жылы болады. Қазірдің өзінде ауқымды бағдарлама дайындалып жатыр, мен үйлестірушімін, осы жылды сапалы өткізу үшін қазан айының соңында әріптестеріммен сөйлесемін. Барлық салада не болып жатқанын көру керек», — деді Швыдкой.
Ол мұндай жобалар жүзеге асырылған кезде ол мәдениетке ғана емес, экономикаға, әскери-техникалық ынтымақтастыққа, саяси және парламенттік байланыстарға да қатысты болатынын атап өтті.
«Бұл қарым-қатынастарды жаңа сапаға көтеретін Ресей мен Қырғызстанның ірі алмасу жылы болады. Бүгінде бәрі күрделене түсті. Ынтымақтастық жаңа сапа алу үшін бір-біріңе қызықты болуың керек», — деді Ресей президентінің арнайы өкілі.
Михаил Швыдкой 1948 жылы Қырғызстанның Кант қаласында дүниеге келген. Ол КСРО құлағаннан кейінгі 30 жыл ішінде «кеңестік мұра азайғанын» атап өтті, сондықтан тәуелсіз мемлекеттер арасындағы қатынастарды жаңаша жолмен қолдап, құру қажет.
«Кеңес Одағында өмір сүрген адамдар кетті. Жастар өмірге келді, 35 жастағы адамдардың есінде ештеңе жоқ. Сондықтан қарым-қатынастың сипаты, қарым-қатынас түрі өзгеріп жатыр. Біз мұны түсінуіміз керек. Сонымен бірге қарапайым бір нәрсе бар. География – тағдыр. Жақын орналасуымыз – бұл тағдыр, ал тағдырдан қашып құтылу өте қиын».
Швыдкой Нұр-Сұлтанда
Еске салайық, Ресейдің Нұр-Сұлтандағы ғылым және мәдениет орталығы «Наши герои» халықаралық байқауына қатысқан оқытушы-кураторларды, оқушыларды марапаттады.
Оларға Ресейдің Қазақстан Республикасындағы күндері аясында елордаға келген өнертанушы, тележүргізуші, медиаменеджер, қоғам қайраткері Михаил Швыдкой дипломдар мен естелік сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды.
«Бірге жасайық!» қозғалысы мен ТМД істері жөніндегі федералды агенттік, шетелде тұратын отандастар және Россотрудничество ұйымдастырған «Наши герои» акциясы 1 қыркүйекте басталды. Байқауға 7-10 сынып оқушылары қатысты.
Михаил Швыдкой ауқымды халықаралық жобаның жеңімпаздары мен кураторларын шын жүректен құттықтады.
sputniknews.kz