Қазақша эссе: Әлеуметтік желі – дұрыс не бұрыс?
Қазіргі уақытта күнделікті өмірдің жартысын, кейде одан да көп бөлігін әлеуметтік желілер алып кетті. Әр жыл сайын әлеуметтік желілер саны көбейіп келе жатыр: Instagram, Вконтакте, Facebook, YouTube, Однокласники және т.б. Осылар ішінен, әсіресе, Instagram желісіне енді әріп үйренген баладан еңкейген қарттарымызға дейін кіреді екен. Ал желімен бірге таңын атырып, күнін батыратындар оқушылар мен студенттер екен.
Әлеуметтік желіге көп адамдар танымал тұлғаларды, соңғы жаңалықтарды, қызықты, кейде масқара видеолар мен суреттерді көру үшін кіреді. Бұл неге алып келеді? Біріншіден, жұлдыздар мен танымал тұлғалардың өміріне қарап, жастарда танымалдылыққа қызығушылық пайда болады. Танымал болу мақсатында кейбір жастар мен ересектер «атын шықпаса, жер өрте» деп небір ессіз қылықтарға барады. Мысалы, әйел кейпіндегі еркектер, өмірге қауіпті жаттығулар, ашық-шашық киіну, ақылға қонымсыз флешмобтар және т.с.с. Екіншіден, парақшаларда жас ерекшелігі көрсетілмегендіктен, кейбір видеолар мен суреттер жас баланың психикасына кері әсерін тигізеді, мысалы, біреуді топпен бірге ұрып-теуіп төбелеп жатқан видеолар немесе жартылай жалаңаш киінген қыздар суреттері, жануарларды қинап, мазақ етіп түсірген видеолар жастарды қатыгездікке баулиды. Үшіншіден, азаннан кешке дейін ұялы телефонға телміріп отыра бергендіктен, көз қызметінің бұзылуына алып келеді және оқуға, жұмысқа арналған уақытты босқа кетіреді.
Сондай-ақ, әлеуметтік желіні дұрыс мақсатта қолданып жүргендер де аз емес. Әлеуметтік желі көмегімен біреу өз бизнесін жүргізіп жатса, біреу қайырымдылық жұмыстарын өткізіп жатыр, енді біреуі өзінің оқып, көріп, білген-түйгенін жұртпен бөлісіп жатыр.
Енді әлеуметтік желіге кірер алдында сіз қандай мақсатпен кіріп жатқаныңызды ойланыңыз! Уақытыңызды виртуалды өмірге арнамай, достарыңызға, туыстарыңызға, көптен бері сөйлесе алмай жүрген жақындарыңызға арнаңыз.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!