Географиядан сабақ жоспары: Тақырыптық карталар және олардың элементтері (8 сынып, I тоқсан) » ZHARAR

0

Географиядан сабақ жоспары: Тақырыптық карталар және олардың элементтері  (8 сынып, I тоқсан) казакша Географиядан сабақ жоспары: Тақырыптық карталар және олардың элементтері  (8 сынып, I тоқсан) на казахском языке

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Географиялық карталар
Сабақ тақырыбы: Тақырыптық карталар және олардың элементтері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.2.1.1 тақырыптық карталарды сипаттай-тын қосымша элементтерді құрастырады: профиль, диаграмма, график, кесте
Сабақ мақсаттары: Тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді жіктеу, талдау және құрастыру.
Психологиялық ахуал. Оқушылармен амандасу. Сыныпта жұмыс атмосферасын қалыптастыру
Тақырыпқа шығу. Географиялық карта тақырыбында бейнебаян көрсету
Сабақтың тақырыбы анықталады. Оқу мақсаттары (ОМ) жарияланады.
(М) Мұғалім қысқаша тақырыптық карталар мен жалпыгеографиялық карталар туралы, шартты белгілер туралы түсіндіреді. Негізгі шартты белгілер мен қосымша шартты белгілерді тақтадан көрсетеді.
Тақырыпық карталар. Олар жалпы географиялық картаның мазмұнына кіретін белгілі бір элементті (мысалы жер бедерін) толық және жан-жақты баяндайды немесе жалпыгеографиялық картада жоқ құбылыстарды (белгілі бір жердің геологиялық құрылысын, климат жағдайын т. б.) көрсетеді.
Тақырыптық карталардың негізгі екі түрі бар:
1) табиғат құбылыстарының карталары, яғни физгеографиялық карталар;
2) қоғамдық құбылыстардың карталары, яғни әлеуметтік-экономикалық (экономика, халық, мәдениет, саяся-әкімшілік, тарихи) карталар.
Жалпыгеографиялық карталарда әр түрлі географиялық объектілерді кескіндеу үшін арнаулы шартты белгілер қолданылады. Олардың карта масштабында көрсетуге келмейтіндері масштабтан тыс шартты белгілер деп аталады. Ірі және орта масштабты карталарда ондай шартты белгілермен заводтар, фабрикалар, диірмендер, электр станциялар, аэродромдар, ескерткіштер, сондай-ақ құдықтар, жеке-жеке ағаштар, жол көрсеткіштері және басқа объектілер белгіленеді.Олар пішіні кескіндейтін затына ұқсас келетін жай суреттер немесе геометриялық фигуралар түрінде болады.
М: Оқушылар географиялық карталарды оқу кезде нақты шартты белгілерін ажырату керек. Мысалы физикалық карталарда биік таулар қою қоңыр түс, ойпаттар қою жасыл түс, жазықтар ашық жасыл түс, үстірттер сары түспен белгіленеді.Сонымен қатар биіктік және тереңдік шкаласын мұғалім түсіндіруі керек. Саяси картада оқушылар мемлекеттердің түстері, шекарасы, астанасы қалай белгіленетіне назар аудару керек.
(Ж) 1-тапсырма. Жұптық жұмыс
Әр оқушы өз атластарынан тақырыптық карталарды және жалпыгеографиялық карталарды тауып, олардың ерекшелігін айтады. Шартты белгілерді анықтайды,
М: Біз карталарды қалай оқимыз?
Шартты белгілерді қалай жіктейміз? Негізгі шартты белгілер мен қосымша шартты белгілердің айырмашылығы неде? деген жетелеуші сұрақтар қояды, оқушылар жұпта ойланып жауап береді. Карталардың ерекшелігін анықтай отырып кесте толтырады.
Карталардың түрлері Артықшылықтары Кемшіліктері
Жалпы географиялық карталар
Тақырыптық карталар
Карталар легендасы Түрлері Неліктен осындай пайдаланылған?
Шартты белгілердің
Қосымша элементтер
Осы екі кестені толтырып болған соң жұптар бір –бірімен дәптерлерін ауысады. Өзара бағалау жүргізеді.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлар таратылады.
Бағалау критерийі:
— Тақырыптық карталар мен жалпыгеографиялық карталарды ажырата алады.
— Тақырыптық карталардағы қосымша элементтерді жіктей алады.
— Тақырыптық карталардағы қосымша элементтерге талдау жасай алады
2-тапсырма. Топтық жұмыс. Берілген тапсырма бойынша оқушылар (профиль, диаграмма, график, кесте қоса отырып) тақырыптық кешенді карта құрастырады.
І топқа- Қазақстанның ішкі суы
ІІ топқа – Қазақстанның халқы
ІІІ топқа – Қазақастаннның флорасы мен фаунасы
( егер сыныпта оқушы көп болса, мұғалім өз қажетінше топқа бөліп, қосымша тапсырма беруіне болалы.
Оқушылар географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, кескін картада кешенді карта жасап шығады.,
Диаграмма жасаудың алгоритмі
1. Кестемен танысады.
2. Диаграмма түрін таңдайды.
3. Дұрыс есептеулер жүргізеді.
4. Карта бетінде диаграмма тұрғызады.
Карта жасауға қойылатын критерий:
— Карта атауы жазылған;
— Шартты белгілер белгіленген және жазылған;
— Кестедегі мәліметтерді қолданып, диаграмманы картаға салған.
— Ақпараттар толық картада оқылып тұр.
Бағалау парағы арқылы оқушылар топтарды бағалайды, мұғалім тарапынан ауызша кері байланыс жүреді.
Бағалау критерийіі:
— Қосымша элементтерді пайдалана отырып кешенді карта құрастыра аларды …..


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com