Қазақстанда туберкулездің жаңа түрі таралып жатыр
Қысқа сілтеме алу
Жыл сайын туберкулездің дәрі-дәрмекке төзімді түрлерінен 250 мыңға тарта адам өледі. Бұл аурудың белгілері – тоқтаусыз жөтел, шаршау, салмақ жоғалту
НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Беларусь, Ресей және Қазақстанда туберкулез жұқтырғандардың шамамен төрттен бірінде бұл дерттің емдеуге қиын түрі табылуда, деп хабарлады Euronews.
Сарапшылардың айтуынша, аса қауіпті аурудан зардап шегетін адамдардың үштен бірі өзінің диагнозын білмейді, медициналық көмекке жүгінбей, басқаларға жұқтырады. Ал емделіп жатқандардың көбі жазылмайды.
Жыл сайын туберкулездің дәрі-дәрмекке төзімді түрлерінен 250 мыңға тарта адам өледі. Бұл аурудың белгілері – тоқтаусыз жөтел, шаршау, салмақ жоғалту.
Тағы оқыңыз: Құйрық майдың біз білмейтін қандай пайдасы бар?
Дәрі-дәрмектің әсеріне төзімділігі артып келеді. Global Fund зерттеушілері (ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі жаһандық қор) аурудың «жаһандық қауіпсіздік үшін апатты салдары болуы мүмкін» екенін ескертті.
«Туберкулез ауа тамшылары арқылы беріледі. Оны кез келген жерден жұқтыруыңыз мүмкін. Қай елді айтпайық, дерттің алдын алудың ең жақсы тәсілі – туберкулез пайда болған жерде онымен күресу. Өйткені көші-қон процестеріне байланысты әрбір адам ауруға шалдығуы мүмкін. Елдердің үкіметтері оянатын уақыт келді», — деді Global Fund үйлестірушісі Элиуд Вандвало.
sputniknews.kz